Видео

Желіде 103 адам отырған ұшақтың құлаған орнында түсірілген видео жарияланды

Жазылу
Желіде Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатқа ұшыраған орнында түсірілген видео тарады

Видеоны Noticas Mexico TV арнасы жариялаған. Мехикоға бет алған Embraer 190 ұшағы Дуранго қаласының әуежайында құлады. Қатты жел мен дауылдан лайнердің ұшуы қиындап, экипаж жерге қонуға шешім қабылдаған. Әуе кемесі қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетті.

Ұшақ бортында 103 адам болды, қаза тапқандар жоқ. Лайнерден шыққан өртке қарамастан, жолаушылардың дені ұшақтан өздері шығып үлгерген. Зардап шеккендер дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Aeromexico авиакомпаниясына тиесілі ұшақ шамамен он жыл пайдаланылған.

Тағы оқыңыз: Мексикадағы ұшақ апаты: 98 адам ауруханада жатыр

Жаңалықтар
0