17:16 28 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.75
  • EUR507.45
  • RUB5.61

Президент пен премьердің 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнінде билеген сәтін Ақорда жариялаған видеодан көруге болады

Өткен айда мемлекет басшысының жұмыс кестесі маңызды оқиғалар мен кездесулерге толы болды. Ақорда президенттің жұмыс кестесіндегі жарқын әрі ауқымды оқиғаларды еске түсіруді жөн көрген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Президенттің баспасөз қызметі жариялаған видео Қазақстан халқы бірлігі күні Астанадағы алаңдардың бірінде өткен мерекелік шарадан басталады. Роликте Нұрсұлтан Назарбаев пен Бақытжан Сағынтаевтың ұлттық костюм киген әйелмен билеп жүрген сәті көрсетілген.

Айта кетсек, Ақордада өткен кездесулер мен жиналыстардан бөлек, Елбасы Қазақстанның екі өңіріне жұмыс сапарымен барып, Сочиде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысына қатысты. Akorda.kz ресми сайтында Қазақстан президентінің қызметі туралы 51 ақпараттық хабарлама жарияланды.

Кілт сөздер:
1 мамыр, видео, Бақытжан Сағынтаев, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып