Видео

Қазақстан тумасы Петербургте көшеде бойжеткенге пышақ салды – видео

Жазылу
Ресей Федерациясы Тергеу комитеті Санкт-Петербургте ер адамның көшеде кетіп бара жатқан қызға пышақ салған сәті түсірілген видеоны жариялады

Тергеу органдары РФ ҚК 105-бабы 1-тармағы, 30-бабы 3-тармағы бойынша (адамға қастандық жасау) қылмыстық іс қозғады.

Пышақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Оралда үш жасар сәбиге 18 рет пышақ салған

Қылмыстық істің материалдарына сүйенсек, 2018 жылы 8 ақпанда күндіз Восстание көшесіндегі 1-ші үй маңында 21 жастағы жігіт 1999 жылы туған таныс бойжеткеннің мойын тұсына пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен.

"Жәбірленуші ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді, көрсетілген медициналық жәрдемнен кейін әлі есін жинаған жоқ", — деп мәлімет берді ТК.

Анықталғандай, қылмысты Қазақстан Республикасында 1996 жылы 2 желтоқсанда туған Махметов Александр Юрьевич жасаған.

Қазір бойжеткенге шабуыл жасаған қылмыскер іздестіріліп жатыр.

Жаңалықтар
0