Видео

Астанадағы орыс театры "Зың-зың" әніне ролик түсірді

Жазылу
Астанадағы Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актерлері мен көрермендері қазнетті жаулаған "Зың-зың" әніне ролик түсірді.

"Шымкенттің қыздары зың-зың" әнінің авторы – марқұм композитор Болат Нұрымов. Интернетте тараған ән аз уақыт ішінде хитке айналып үлгерді. 

"Мен студияда әнді көркемдеумен айналысамын. Бір әнмен жұмыс істей беруден кейде шаршаймын. Сол кезде көңілді көтеру үшін түрлі қызықты әуендер жазып қоямын. Біраз уақыт өткенде жеңіл-желпі дайындалған әндерден ұялып, қайтадан жойып жіберемін. Бұл композиция да сондай еді. Осы әнді де жойған сияқты едім, бірақ интернетке қалай шығып кеткенін білмеймін", — деген еді композитор.


Жаңалықтар
0