Видео

#ОднаНаВсех: Қазақстан Жеңіс күніне арналған акцияға қолдау білдірді

Жазылу
Ұлы Жеңіс күнін атап өтуге орайластырылған #ОднаНаВсех шарасы ешкімді бейжай қалдырмады. Оған фашистік Германиямен 1941 және 1945 жылдардағы соғысқа үлес қосқан баршаның еңбегіне құрмет білдіретін және ұмытпаған қазақстандықтар қатысты.

24 сәуірде Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі мен радиосы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында НТВ телекомпаниясы және "Одноклассники" (ОК) әлеуметтік желісімен бірлесіп, ТМД және Балтық елдерінде #ОднаНаВсех ауқымды шарасын бастаған болатын.

Шараның атауы Булат Окуджаваның "Нам нужна одна Победа" өлеңінің сөздерімен басталған. Бұл өлең сөздерін миллиондаған адамдар жақсы көріп кетті. Соғыстан кейін жазылғанына қарамастан ол Жеңіс символына айналды.

Бұдан бұрын Sputnik Қазақстан акцияға әр елдің қатысушыларының видеосын жариялады. 


Жаңалықтар
0