26 тамыз кешкі сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде өрт шығып, оннан астам жарылыс болды. Қоймада Арыс қаласынан жеткізілген оқ-дәрі сақталған. Түнде оқиға орны маңындағы бірнеше ауылдың тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді. Өртті сөндіруге әскери бөлімнің жеке құрамы мен төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жұмылдырылды. Сонымен қатар әскери бөлімнің шынжырлы өрт сөндіру машиналары тартылды. Өрт сөндіру кезінде төрт әскери қызметші қаза болды. Соңғы мәлімет бойынша ауруханаға 90-ға жуық адам түскен, оның 49-ы – төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері.

Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр. Қорғаныс министрлігі әдейі өрт қою немесе диверсияны да жоққа шығармай отыр. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарды сабырлық танытуға шақырды.

Материал
Керек уақытты таңдау
Тағы 20 материал
  • Бір апта ішіндегі
  • Бір ай ішіндегі
  • Бір жыл ішіндегі
  • Осы уақытқа дейінгі
Жаңалықтар
0