Иран 8 қаңтарға қараған түні АҚШ-тың Ирактағы екі әскери базасына зымыранмен соққы жасады. Соңғы мәліметтер бойынша Иран аумағынан 20-дан астам зымыран ұшырылған. Иран сыртқы істер министрлігінің басшысы Мұхаммад Джавад Зариф зымыран соққысын өзін-өзі қорғау шарасы деп атады. Ал Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп "бәрі жақсы" екенін айтып, таяуда Иранға қатысты мәлімдеме жасайтынын хабарлады. Айта кетсек, Иран тарапы бұған дейін генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін кек қайтаратынын мәлімдеген еді. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқи аласыз. 

Материал
Керек уақытты таңдау
Тағы 20 материал
  • Бір апта ішіндегі
  • Бір ай ішіндегі
  • Бір жыл ішіндегі
  • Осы уақытқа дейінгі
Жаңалықтар
0