10:52 03 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.49
  • EUR512.84
  • RUB5.63
ТАҚЫРЫП
  • Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин
    Последнее обновление: 16:50 09.11.2018
    09:30 09.11.2018

    Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы

    Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумы Петропавлда 8-9 қарашада өтеді. Биылғы форумның тақырыбы - "Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістері". Форумда дәстүр бойынша екі елдің мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин, сондай-ақ екі елдің шекаралас өңірлерінің жетекшілері қатысады. Жиынға 600-ден астам адам жиналады деп күтілуде, оның 100-і – Ресей Федерациясының, 150-і – Қазақстанның ресми делегациясы. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы 2003 жылдан бері екі мемлекетте кезекпен өткізіліп келеді. 

  • Бой Хабиба Нурмагомедова и Конора Макгрегора
    Последнее обновление: 09:04 25.10.2018
    11:27 07.10.2018

    "Нурмагомедов - Макгрегор" жекпе-жегі

    Ресейлік аралас жекпе-жек шебері пен ирландиялық арасындағы жекпе-жек 7 қазанда Лас-Вегаста өтіп, үлкен шу тудырды. Бұл жекпе-жектің қызыққа толы болатыны алдын ала белгілі болған еді. Өйткені спортшылар әр кездескен сайын бір-біріне тиісіп жүрді, олардан фанаттары да қалыс қалмады. Жанкүйерлері кездесу алдында төбелес шығарса, спортшылардың өздері жекпе-жектен кейін де жұдырық жұмсады. UFC чемпионы титулы үшін жекпе-жекте Макгрегор жеңілді, бірақ қарсыласының фанатына тап беріп, жаппай төбелеске себеп болған Нурмагомедов шаршы алаңнан белбеусіз кетті.

  • Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев
    Последнее обновление: 18:15 29.11.2018
    10:13 05.10.2018

    Президент жолдауы-2018

    Қазақстан президенті 5 қазанда Ақордада Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жариялады. Жолдаудың тақырыбы - "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру". Ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Мемлекет басшысының бұған дейінгі жолдауы 2018 жылы 10 қаңтарда шыққан еді. Онда Назарбаев төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері туралы сөз қозғады. 

  • Архивное фото монумента Байтерек в Астане
    Последнее обновление: 21:11 06.01.2020
    15:29 11.09.2018

    Астана жаңалықтары

    Астана - әлемдегі ең жас астана әрі Қазақстанның қарыштап дамып келе жатқан қаласы. Заманауи сол жағалау мен жанға жайлы оң жағалау - Астананы дәл осылай сипаттауға болады. Жас қала болғанына қарамастан, Астанада әлемдік маңызға ие айтулы шаралар өткізілді. Елорда айрықша нысандарымен таңғалдырады: Бәйтерек, Хан Шатыр, Ақорда, Бейбітшілік және келісім сарайы, тағы басқалары. Астана күні 6 шілдеде тойланады.

    Астанадағы мәдени шаралар, төтенше оқиғалар мен жол апаты, атышулы істер, құрылыс мәселесі мен маңызды өзгерістер туралы материалдарынан оқыңыз.

  • Акжаркын Турлыбай
    Последнее обновление: 16:19 08.09.2020
    11:48 06.08.2018

    Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры

    2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында 4,5 келі есірткімен ұсталған Ақжарқын Тұрлыбай ісі бүкіл елді дүрліктірген болатын. 2015 жылы Гуанчжоу соты қазақ қызына өмір бойына бас бостандығын айыру жазасын берді. Ақжарқынның қазақстандық адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов және қытай екі қорғаушысы соттың бұл үкімімен келіспей, Жоғарғы сотқа шағым түсірді. 2016 жылдың сәуірінде апелляциялық сот Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айырған Гуанчжоу соты үкімінің заңды күшін жойып, істі қайта қарау туралы қаулы шығарды. Жалпы биылғы жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытай түрмесінде отырғанына 4 жыл, 5 ай болды. Толығырақ материалдарынан оқыңыз.

  • Сайрагүл Сауытбайдың соты
    Последнее обновление: 14:29 04.03.2020
    16:14 01.08.2018

    Сайрагүл Сауытбайдың ісі

    Отбасымен қауышу үшін Қазақстанның шекарасын заңсыз кесіп өткен қандасымыз Сайрагүл Сауытбай биыл мамыр айында ұсталды. Белгілі болғандай, ерлі-зайыпты Уәли Ісләм мен Сайрагүл Сауытбай екі баласымен бірге Қазақстанға 2016 жылы көшіп келмек болады. Бірақ Сайрагүлдің айтуынша, ол Қытайда құпия саналатын "саяси үйрену орталықтарында" жұмыс істеп, "мемлекет құпиясын әшкерелемеу" туралы қолхат берген. Сондықтан Қытай оны отанына жібермеу үшін төлқұжатын алып қояды. Ал күйеуі мен балалары Қазақстан азаматтығын алып, елге оралады.

    Этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға қатысты сот Алматы облысындағы Жаркент қаласында өтті. Бір айға жуық созылған соттың үкімі 1 тамызда шықты. Панфилов аудандық соты қандасымызды алты айға шартты түрде бас бостандығынан айырып, сот залынан босатты. Сондай-ақ, Сайрагүл Сауытбай Қытайға берілмейді. Ендігі уақытта оған босқын мәртебесін беріп, кейін азаматтық алу жағы шешілуі тиіс. Толығырақ Sputnik материалдарынан оқыңыз.

  • Пенсионер
    Последнее обновление: 14:38 01.10.2019
    12:17 18.07.2018

    Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді

    2018 жылдың шілдесінен бастап базалық зейнетақы тағайындау тәртібі өзгереді. Зейнет жасына толған азаматтың базалық зейнетақы мөлшері еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады. Осы уақытқа дейін барлық зейнеткерге базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 проценті мөлшерінде немесе 15 274 теңге төленсе, 1 шілдеден бастап оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты артты.

    Толығырақ Sputnik материалдарынан оқыңыз.

  • Мешіт
    Последнее обновление: 14:29 11.08.2019
    12:26 16.07.2018

    Құрбан айт 2019

    Мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы күнінде, яғни, Арафа күнінен кейін және Ораза айттан 70 күннен кейін басталатын Құрбан айт мейрамы үш күн тойланады. Араб тілінен аударғанда, құрбан сөзі "жақындау" деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, Құрбан айт күндері мүмкіндігі бар мұсылман құрбан шалып, сауап істер арқылы Аллаға жақындайды. Биыл мұсылман жамағаты ұлық мейрамды 11-13 тамыз күндері атап өтеді. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқыңыз.

  • Футбол. Товарищеский матч. Россия - Аргентина
    Последнее обновление: 08:29 16.07.2018
    15:23 01.07.2018

    Футболдан әлем чемпионаты - 2018

    Футболдан әлем чемпионаты Ресейде 14 маусым мен 15 шілде аралығында 11 қаланың 12 стадионында өтеді: Мәскеу, Калининград, Санкт-Петербург, Волгоград, Қазан, Нижний Новгород, Самара, Саранск, Ростов-на-Дону, Сочи және Екатеринбург.

  • Единое национальное тестирование стартовало в Казахстане
    Последнее обновление: 16:33 06.08.2018
    17:06 17.06.2018

    ҰБТ - 2018

    2018 жылы ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Биыл 102 447 оқушы сынақ тапсыруға өтініш берді. ҰБТ бес пәннен тұрады. Үшеуі – міндетті, екеуі таңдау пәні. Барлығы 120 сұрақ, түлектер үшін 140 балл жинау мүмкіндігі сақталады. Толығырақ Sputnik материалдарынан оқыңыз.

  • Внутривенная инъекция
    Последнее обновление: 11:14 06.11.2018
    08:44 06.06.2018

    Қазақстандағы менингит індеті

    Қазақстанда менингит індеті белең алды: науқастар саны әсіресе Алматы қаласында көп. Соңғы деректер бойынша, инфекциядан он үш адам қайтыс болған.


  • Шымкент, виды города
    Последнее обновление: 23:01 05.03.2019
    13:09 05.06.2018

    Шымкент жаңалықтары

    Шымкент - Қазақстанның 17-ші өңірі, халық саны бойынша үшінші орында болса, Қазақстан қалалары ішінде аумағы бойынша бірінші орында. 2018 жылдың 19 маусымынан бастап Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін берді. Оған дейін Шымкент Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы болатын. Шымкент - еліміздің аса ірі өнеркәсіп орталығы. Шымкент жаңалықтары, қаладағы мәдени шаралар, атышулы төтенше оқиғалар мен жол апаты, қоғам назарына іліккен жайттар мен маңызды өзгерістер туралы материалдарынан оқыңыз.

  • Қар жамылған гүлдер
    Последнее обновление: 11:38 24.05.2018
    13:42 22.05.2018

    Ызғарлы көктем

    Қазақстанда көктем мезгілі біршама тосын сый жасады. Сәуір айынан бастап мамыр айы бойы еліміздің басым бөлігінде оқтын-оқтын қар жауған. Мамыр айының үшінші он күндігінде дүлей дауыл соғып, бұршақ аралас нөсер жауын салдарынан ағаштар, құрылыс нысандары мен зәулім ғимараттар зиян шекті. 


  • Астана экономикалық форумы
    Последнее обновление: 12:25 17.05.2018
    11:50 17.05.2018

    Астана экономикалық форумы

    Астана экономикалық форумы - жаһандық мәселелерді талқылауға және шешуге арналған жыл сайынғы сұхбат алаңы.

    Өзінің ауқымы бойынша бүкіл Еуразия кеңістігінде теңдесі жоқ бұл форум әлемдік көшбасшылардың, халықаралық сарапшылардың, ғалымдардың, саяси және қоғам қайраткерлерінің, түрлі қаржы институттары мен бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің басын қосады.

  • Жилой микрорайон
    Последнее обновление: 11:29 24.06.2019
    18:36 28.04.2018

    "7-20-25" бағдарламасы

    Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың наурыз айында ұсынған "7-20-25" жаңа тұрғын үй бағдарламасы шілдеден бастап іске қосылды. Бағдарлама бойынша қазақстандықтар келесі шарттармен ипотекалық қарыз алу мүмкіндігіне ие болмақ: несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7%-дан, бастапқы жарна — 20%-дан аспайды, несиені төлеу мерзімі – 25 жылға дейін. Ипотекалық бағдарлама бойынша несиелер тек ұлттық валютамен беріледі. Толығырақ Sputnik материалдарынан оқыңыз.

  • Набережная Астаны ночью, архивное фото
    Последнее обновление: 15:00 07.07.2018
    17:34 28.04.2018

    Астананың 20 жылдығы

    2018 жылы жазда елордамызға 20 жыл толады. Бас қаламыздың мерейтойын бүкіл республика бойынша ерекше атап өту жоспарланған.


  • Жеңіс күні
    Последнее обновление: 19:15 05.05.2018
    13:21 28.04.2018

    9 мамыр – Жеңіс күні

    Жеңіс күні - 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында фашизмді жеңген көп ұлтты кеңес халқының қасиетті мерекесіне айналған айтулы күн. 9 мамыр бүкіл ТМД аумағында, Болгария, Ұлыбритания және Израильде аталып өтеді әрі демалыс күні болып есептеледі. Жеңіс күні көптеген қалада әскери парадтар, мерекелік шерулер, жауынгерлер ескерткішен гүл шоғырларын қою, отшашу және "Мәңгілік полк" акциясы сияқты шаралар өткізіледі. Sputnik Қазақстанның Жеңіс күніне арналған материалдарын оқыңыздар!

  • Геннадий Головкин
    Последнее обновление: 09:50 02.11.2018
    11:31 08.04.2018

    Головкиннің жекпе-жегі

    5 мамырда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің реваншы өтуі тиіс болатын. Бірақ "Канело" допингпен ұсталып, ақыр соңында ол жекпе-жектен бас тартты. Енді белгіленген күнге бір айдан аз уақыт қалса да, Альварестің орнына Головкиннің қарсыласы кім болары әлі белгісіз. Басты кандидаттар ретінде украиналық боксшы Сергей Деревянченко мен ирландиялық Гэри О'Салливан қарастырылып жатыр. Толығырақ Sputnik материалдарынан оқыңыз.

     

     


  • Сотрудники пожарной охраны МЧС борются с пожаром в торговом центре «Зимняя вишня» в Кемерово
    Последнее обновление: 13:23 02.04.2018
    08:35 26.03.2018

    Кемероводағы қайғылы оқиға

    Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда және ойын сауық орталығында жексенбі күні кешке басталған өрт 60-тан астам адамның өмірін қиды. Өрт балалар ойын залы мен кинозалдар орналасқан жоғарғы қабаттан бастап тараған. Адамдар ғимараттан шыға алмай, түтінге тұншығып қалған.


  • Силуэт ребенка, архивное фото
    Последнее обновление: 11:46 07.03.2019
    08:44 14.03.2018

    Абай ауылында "зорланған" бала ісі

    БАҚ-та жарияланған мәлімет бойынша, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылында бірінші сыныпта оқитын оқушыны өзінен 7-8 жас үлкен 4 оқушы 5 ай бойы зорлап келген көрінеді. Сот-медициналық сараптама бұл жайтты теріске шығарғанымен, сол ауыл тұрғынының айтуынша, баланы кем дегенде 10 рет зорлаған. Қоғамның наразылығын тудырған оқиғаны тергеуге шетелдік мамандармен бірге Қазақстанның балалар омбудсмені араласты. Толығырақ Sputnik материалдарынан оқыңыз.

Тағы жүктеу