Тұмар – түрлі наным-сенімге байланысты қорғаныштық қызмет атқаратын киелі зат. Оны тіл тиюден, көз сұғынудан, түрлі қауіп-қатерден, пәле-жаладан, зиянды тылсым күштерден қорғап, сақтау мақсатында жасаған.

Дәстүрлі ортада тұмар ретінде туған жердің топырағы, тас қиыршықтары, халық қасиетті, киелі санаған ұлутас, үкі қауырсыны мен тұяғы, қасқырдың азу тісі, киіктің бақайшағы, қойдың асығы сияқты заттар тағылған. Қолөнер дами келе қасиетті саналатын бұл заттардың бейнесі ағаш, сүйек, металл сияқты заттардан ойылып, құйылып та жасалған.

Ертеде қазақ арасында туған жердің топырағын тұмар ретінде алып жүру үрдісі болған. Әсіресе, жорыққа аттанған батырлар, өз елінен жыраққа ұзатылған қыздар тұмар ретінде туған жердің топыраған шүберекке түйіп, өзімен бірге алып жүрген. Сол арқылы алыста жүрген ер адам "жер ана жебеп жүреді, туған жерге қайтып ораламын" деп ырымдаған. Сондай-ақ алысқа ұзатылған қыз туған жердің топырағын иіскеп, мауқын басқан.

Материал
Керек уақытты таңдау
Тағы 20 материал
  • Бір апта ішіндегі
  • Бір ай ішіндегі
  • Бір жыл ішіндегі
  • Осы уақытқа дейінгі
Жаңалықтар
0