22:33 19 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.82
  • EUR509.75
  • RUB5.93
Тақырып бойынша жаңалықтар Қадыр Мырза Әли

Көкпар тартып, қыз қууға жаралған" деп жырлаған ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауылында туған .1958 жылы Қадыр Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық "Пионер" балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. 200-ден астам әнге сөз жазды.

1966 жылы Қадыр Мырза Әлиге "Ой орманы" жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. Сонымен қатар ақынның "Дала дидары", "Ақ отау", "Домбыра", "Көш", "Жерұйық", "Алақан", "Қорамсақ", "Қызыл кітап", "Күміс қоңырау", "Мәңгі майдан" секілді жыр жинақтары шықты. Қадыр ақын Қазақ даласының барлық аймағын аралап, оны "Жерұйық" кітабына арқау етті. Сол үшін 1980 жылы ақынға Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығы берілді. 1995 жылы Қазақстанның халық жазушысы атағы берілді. 2001 жылы Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығын алды.

1992 жылы республика әнұранының мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Сонда Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әли, Тұманбай Молдағалиев бірлесіп жазған мәтін 750 нұсқа арасында жеңіп шықты. 

Қадыр мырза Әли 2011 жылдың 22 қаңтарында 77 жасқа қараған шағында қайтыс болды. 

Нәтижелер
  • Жаңа
  • Таңдаулы