Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы 1970 жылы дүниеге келген. "Экономика" мамандығы бойынша Батыс Қазақстан аграрлық университетін тәмамдаған. "Менеджмент" мамандығы бойынша Халықаралық бизнес академиясын бітірді. Әр жылдары "Темірбанк" АҚ Орал филиалының директоры, БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры, "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

Астана қаласы әкімдігінің қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы қызметін атқарды. Жамбыл және Ақтөбе облыстары әкімінің орынбасары лауазымында болған.

2019 жылдың 18 қаңтарынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне кірісті. 2019 жылдың 13 маусымынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімі.

Материал
Керек уақытты таңдау
Тағы 20 материал
  • Бір апта ішіндегі
  • Бір ай ішіндегі
  • Бір жыл ішіндегі
  • Осы уақытқа дейінгі
Жаңалықтар
0