Дерекқор

Спорттан саясатқа дейін: Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов туралы не білеміз

© Photo : kfb.kz/Данияр МайлыбаевЕрмахан Ибрагимов
Ермахан Ибрагимов - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2021
Жазылу
Бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымовтың өмірбаянын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқи аласыз

Қазақ боксшысы, 2000 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысында туған. Әкесі – Сағи Ыбрайымов, анасы – Жәмилә Ыбрайымова.

© AP Photo / Rick BowmerОлимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов. Сидней 2000.
Спорттан саясатқа дейін: Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов туралы не білеміз - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2021
Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов. Сидней 2000.

Спортпен 13 жасынан бастап айналысқан. Үлкен спортқа келуіне боксшы Серік Қонақбаев әсер еткен.

1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітірген.

Спорттан саясатқа кетті 

Ермахан Ыбрайымов 1995 және 1999 жылдары Ташкентте өткен Азия чемпионатының екі дүркін чемпионы, 1997 жылы Будапеште өткен және 1999 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 1996 жылы өткен XXVI жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы.

1996 және 2000 жылы Ермахан Ыбрайымов Олимпиада ойындарында Қазақстанның туын алып шықты.

Олимпиададағы жеңісінен кейін 2002-2004 жылдары Ермахан Ыбрайымов бокстан ұлттық құраманың бас бапкері болды.

2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының бірінші вице-президенті болған.

2005 жылы "Бокстан олимпиадаға даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қызметіне кірісті.

2011 жылы V сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттығына "Нұр Отан" партиясының партиялық тізімі бойынша кандидат болды.

2021 жылдың 14 қаңтарынан бастап VII Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.

Ермахан Ыбрайымов – он баланың әкесі

Ермахан Ыбрайымов отбасында он баланың жетіншісі. Ата-анасының өтініші бойынша Олимпиада ойындарынан кейін үлкен спорттан кетті.

"Анам мен әкем қатты уайымдады. Үлкен спорттан 29 жасымда кеттім. Бұл жаста үлкен спорттан кету – ерте де емес, кеш те емес. Бізге әуесқой бокста өте қиын болды. Әлем чемпионатына ел туын арқалап кеткеннен кейін қиын болады. Президенттің сенімі, көңілінен шығып, туды алып шығып, оны қайтарған соң, спорттан кету дұрыс деп санадым. Әрі қарай жалғастырғым келді, бірақ ағзаның өзі шыдамайды", - деді Ермахан Ыбрайымов.

Ермахан Ыбрайымов өзі де қазір 10 баланың әкесі. Ол екі рет үйленген. Бибі Ыбрайымова мен Махаббат Жақанова екі баладан дүниеге әкелген, қазір бірге тұратын әйелі Айжан Ыбрайымова алты бала дүниеге әкелді.

Оқи отырыңыз: Олимпиада чемпионы он баласын қалай асырап жүргенін айтты 

"Ағайынның көп болғаны қандай екенін жақсы білемін. Сол мақсатта менде де 10 бала болуы керек дедім. Қазір 7 ұл, 3 қызым бар. Үлкен отбасым Америкада, Нью-Йоркта тұрды. Екінші ұлым Америкада оқитын болғандықтан, әйелім сол жаққа кетті. Ұлдың жағдайын жасап, жанында жүрді. Алматыда Айжан есімді келіншегіммен бірге тұрып жатырмын", - дейді Ермахан Ыбрайымов сұхбатында.

Ермахан Ыбрайымовтың барлық баласы спортпен айналысады.

"Міндетті түрде боксқа бар деп қинамаймын. "Әкем боксшы" деп бұл спорт түрін таңдауға міндеттімін деген қағиданы ұстанбайды. Қай спорт түрін таңдаймын десе де өзі біледі", - дейді боксшы ұл-қызы туралы.

"Қарапайым азамат, асабалық қасиеті бар. Кейбір кештерді, кез келген отырысты жүргізіп кете береді. Көп жағдайда іссапарда жүреді. Іссапардан келген кезде қуанышымызда шек болмайды. Ашуы келіп тұрса, үндемей қоя саламын. Артынан оңашада шай ішіп, не болғанын талқылаймыз", - дейді әйелі Айжан.

Геннадий Головкинді жаттықтырған

Ермахан Ыбрайымов – Геннадий Головкиннің алғашқы жаттықтырушысы. Оның 2004 жылы Олимпиада ойындарына қатысуына да мүмкіндік жасаған.

© Sputnik / Айгюзель КадирЕрмахан Ыбрайымов
Спорттан саясатқа дейін: Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов туралы не білеміз - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2021
Ермахан Ыбрайымов

"Геннадий Головкинді 2004 жылы Олимпиада ойындарына алып шықтым, ол кезде екінші орын алды. Қазір Америкада кәсіпқой бокспен айналысады, миллионер боксшы. Қазір ойындарына арнайы "Ермахан аға, мінекей, арнайы шақыру" деп шақырады. Біз жылына бір рет барып тұрамыз", - дейді Ыбрайымов.

Марапаттары

1988 жылы КСРО спорт шебері болды.

1996 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы болғаннан кейін Ермахан Ыбрайымов І дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.

2000 жылы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды.

2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалі берілді.

Жаңалықтар
0