22:07 02 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.05
  • EUR509.29
  • RUB5.58
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
609 0 0

Ел біріншілігіндегі ең қымбат футболшылар туралы Sputnik Қазақстан агенттігінің материалынан оқыңыздар

1. Марин Томасов

Қазақстандағы ең  қымбат футболшы – Марин Томасов. "Астана" клубының намысын қорғайтын 32 жастағы жартылай қорғаушының құны – 3,5 миллион еуро.

Ол өткен жылғы маусымда 26 гол соғып, үздіктердің қатарынан көрінді. Хорватиялық легионер Қазақстан премьер-лигасында 19 және Еуропа лигасында 7 гол соқты.

Томасов "Астанада" 2017 жылдан бері ойнап келеді, оның клубпен келісімшарты 2019 жылдың желтоқсанына дейін жасалған болатын. Алайда футболшы жақсы ойын өрнегін көрсетіп, онымен келісімшарт 2020 жылға дейін ұзартылды.

2. Адеринсол Эсеола

Тізімнің екінші сатысында алматылық "Қайрат" клубының шабуылшысы Адеринсола Эсеола тұр. 28 жастағы украиналық ойыншының құны – 3,2 миллион еуро. Легионер 2019 жылы Қазақстан премьер лигасында 19 гол соғып, үздік сұрмерген атанды. Марин Томасов 19 голының біреуін пенальтиден салса, Эсеола барлық голын ойын сәтінде салды.

3. Бауыржан Исламхан

Қазақстандық талантты жас футболшылардың бірі, Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы, бұрынғы "Қайрат" клубының ойыншысы.  Жартылай қорғаушының құны – 3 миллион еуро.

Өткен жылы талантты ойыншы "Қайрат" клубының сапында 7 гол (екеуін пенальтиден) соғып, көзге түсті. Қазіргі таңда 26 жастағы футболшы ешқандай клубта ойнамайды. Алайда отандық БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, ол алдағы уақытта ресейлік "Зенит" клубына ауысуы мүмкін.

4. Дмитрий Шомко

"Астана" клубының сол қапталдағы қорғаушысы, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы.

2019 жылы Қазақстан премьер-лигасының үздік қорғаушысы атанған футболшының бағасы – 2,5 миллион еуро.

Өткен жылы Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында "Астана-Манчестер Юнайтед" командаларының арасында өткен тартысты ойында Дмитрий Шомко

үздік ойыншы деп танылған болатын. Ол есепті ойынның екінші жартысында теңестірді.

Бұл ойында "Астана" клубы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Шомко 2014 жылы астаналық клубтың ойыншысы атанған болатын.

5. Дорин Ротариу

"Астана" клубының оң қапталдағы жартылай қорғаушысы. 23 жастағы румыниялық футболшының бағасы – 2,5 миллион еуро.

2019 жылдың басында ол 4 жылдық келісімшартқа қол қойып, "Астана" командасына ауысты.

Қазақстандық клуб ойыншыны бельгиялық "Брюгге" клубынан 1,5 миллион еуроға сатып алған.

Сондай-ақ ойыншы 2016 жылдан бері Румыния ұлттық құрамасы сапында ойнайды.

Материал transfermarkt.ru порталының мәліметі негізінде дайындалды.

 

 

Тақырып бойынша

Қазақстан чемпионы сирек кездесетін ауруға шалдықты
Қазақстандық футболшы отбасымен апатқа ұшырады: куәгерлер табылды – видео   
Бұрынғы кәсіби футболшы көше сыпырып кетті – видео
Қазақстандық футболшы әлеуметтік желідегі сөзі үшін құрамадан шығарылуы мүмкін
Назарбаев Зарина Диясқа сыйлаған сағаттың бағасы белгілі болды
Кілт сөздер:
Қазақстан, футболшылар
Загрузка...

Басты тақырып