Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 маусым

© Sputnik / Владислав Воднев28 маусым - күнтізбе
28 маусым - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл григориан күнтізбесінде 179-шы күн. Жыл соңына дейін 186 күн бар.

28 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

28 маусымда қандай айтулы оқиға болды

Бүгін Қазақстанда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні аталып өтеді. Әуелде бұл мейрам Журналистика күні деген атаумен тәуелсіз Қазақстанда 10 мамырда тойланатын. Себебі дәл осы күні алғашқы қазақ тілді "Түрікстан уәлаяты" газеті басылып шыға бастаған еді. Алайда 10 мамыр қазақстандық журналистика тарихына кәсіби мереке ретінде енбей қалды. Кейін Қазақ КСР-нің "Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңы қабылданған күнге орай журналистер мерекесі 28 маусымға ауыстырылды. Көп ұзамай мейрам Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні деген атау алды.

2019 жылдың 24 маусымында Қазақстан президентінің арнайы қаулысымен үкіметке журналистердің кәсіби мерекесін бекіту туралы тапсырма берілді. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ.

Украина халқы мемлекеттік мереке – Конституция күнін атап өтеді. Бұл дата 1996 жылы 28 маусымда Украина Жоғары Радасының тәуелсіз мемлекеттің жаңа Конституциясын қабылдау құрметіне бекітілді. Украина Конституциясының жоғары заңдық күші бар. Бұл елде барлық заң мен нормативтік-құқықтық актілер Ата заңның негізінде қабылданады. Сондықтан Украина Конституциясының қабылдануы адам құқықтарын қамтамасыз етуде маңызды қадам болды. 1996 жылғы Конституция Украинада әлі де қолданыста, Ата заңға кейбір өзгерістер мен толықтырулар да енгізілді.

28 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1816 жылы Санкт-Петерборда салтанатты түрде алғашқы биржа ашылды;

1919 жылы Версаль бейбіт келісіміне қол қойылды;

1919 жылы Ұлттар лигасы құрылды;

28 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1995 жылы Алматыдағы Чапаев көшесі Манас көшесі болып өзгертілді;

2002 жылы Қазақстан президенті Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласының атауын Риддер деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды;

2015 жылы Оралда Қадыр Мырза Әлиге ескерткіш, ұлы ақынның атымен аталатын жаңа мәдениет және өнер орталығы ашылды.

28 маусымда туған танымал тұлғалар

1712 жылы француз философы, жазушы, Ағарту дәуірінің ойшылы Жан-Жак Руссо дүниеге келді;

1967 жылы кеңестік және ресейлік актриса, теле және радио жүргізуші, педагог Яна Поплавская өмірге келді. 1977 жылы Янаның жұлдызын жаққан фильм экранға шықты. Леонид Нечаевтың "Про Красную Шапочку"  фильмінде басты кейіпкердің рөлін сомдаған еді;

1972 жылы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, еңбек сіңірген спорт шебері Мария Бутырская туды. Әйелдер арасында жекелей сырғанауда алғашқы ресейлік әлем чемпионы;

1985 жылы ресейлік гимнастшы, көркем гимнастикадан еңбек сіңірген спорт шебері, тележүргізуші, спорт комментаторы Ляйсан Утяшева дүниеге келді.

28 маусымда Қазақстанда кімдер туды

1955 жылы техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан спортының құрметті қайраткері Арғын Нығматулин дүниеге келді;

1957 жылы бұрынғы қаржы министрі Болат Жәмішев туды;

1959 жылы танымал суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Аманат Назарқұл өмірге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын, "жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн".

Жаңалықтар
0