Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 маусым

© Sputnik / Владислав Воднев27 маусым - күнтізбе
27 маусым - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл григориан күнтізбесінде 178-ші күн. Жыл соңына дейін 187 күн бар.

27 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

27 маусымда қандай қызықты оқиға болды

1985 жылдың 27 маусымынан бастап әр жыл сайын Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні аталып өтеді. Бұл мереке Балық шаруашылығын дамыту және реттеу жөніндегі халықаралық конференцияның шешіміне сәйкес, Римде 1984 жылдың шілдесінде бекітілді. Балық аулау – көп адамның сүйікті ісі. Өзен жағасында отырып, қармақпен алғашқы балығын аулаған әркез бұл сәтті ешқашан ұмытпайтыны анық. Балық аулау – жанды жадыратып, көңілді көтеретін процесс.

Бүгін Ресейде Жастар күні мерекеленеді. Бұл мейрамның тарихы 1958 жылдың 7 ақпанынан сонау Кеңес одағы заманынан басталады. КСРО Жоғары кеңесі президиумының "Кеңес жастары күнін бекіту туралы" жарлығымен "Кеңес жастары күні" мейрамы бекітілген еді. Мереке маусым айының соңғы жексенбісінде тойланатын. 1993 жылы 24 маусымда КСРО ыдырағааннан кейін, Ресейдің бірінші президенті Б.Ельцин Жастар күнін 27 маусымға ауыстырды. Бұл күні Ресейдің түкпір-түкпірінде мерекелік шаралар, концерттер мен спорттық сайыстар, би кеші, байқаулар мен халықтық серуендер өтеді.

Сондай-ақ, бүгін – банкоматтың туған күні. Қолма-қол ақша беретін құрылғыны Джон Шеперд-Бэррон ойлап тапқан. Алғашқы банкомат Лондонда орнатылыпты, Barclay`s банкі үшін бұл құрылғы тым қымбатқа түсті: шамамен 18 мың доллар тұрған екен. Банкоматтар араға қырық жыл салып кеңінен қолданысқа енді.

27 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1615 жылы шай алғаш рет Еуропаға импортталды;

1905 жылы "Потемкин" брондалған кемесінде көтеріліс басталды;

1931 жылы АҚШ-та өнертапқыш Игорь Сикорский алғашқы тікұшаққа патент алды;

2010 жылы Исландияда бір жынысты неке туралы заң күшіне енді. Дәл сол күні елдің үкімет басшысы Йоханна Сигурдардоттир біржынысты некеге тұрды. Бұл әлемде ресми түрде тіркелген алғашқы біржынысты неке еді.

27 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

2000 жылы Қазақстан парламенті әлем парламентшілеріне "XXI ғасыр бейбітшілік пен адамгершілік ғасыры" атты үндеу қабылдады;

2006 жылы Алматыда Қазақстан мен Ресей президенттерінің бастамасымен құрылған Еуразия даму банкі өз жұмысын бастады;

2012 жылы Алматыда www.usynovite.kz интернет-порталы мен балалар деректерінің интернет-банкі ресми түрде ашылды;

2012 жылы Ақтөбе маңында алғаш рет ежелгі темір ғасыры кезеңіндегі бірегей қорған табылды;

2016 жылы Алматыда алғашқы паркоматтар пайда болды.

27 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1884 жылы француз философы және өнертанушы Гастон Башляр өмірге келді.  

1949 жылы америкалық той көйлектері сәнгері, Vogue басылымының бұрынғы аға редакторы Вера Вонг туды;

1966 жылы америкалық режиссер, продюсер, сценарийші (фильмдері: "Миссия невыполнима-3", "Звездные войны: Пробуждение силы") Джей Джей Абрамс дүниеге келді;

1975 жылы америкалық актер, "Алтын глобус" жүлдесінің лауреаты Тоби Магуайр өмірге келді (фильмдері: "Человек-паук", "Великий Гэтсби").

27 маусымда Қазақстанда кімдер туды

1919 жылы домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Темірбек Ахметов дүниеге келді;

1958 жылы танымал қазақстандық продюсер, музыкант, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байғали Серкебаев өмірге келді;

1971 жылы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов туды;

1983 жылы кәсіпқой боксшы Виталий Демьяненко дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде орналасады. Бүгін белсенді болуға кеңес береміз: топтық жаттығуларға жазылыңыз немесе үйде спортпен шұғылданыңыз.

Жаңалықтар
0