Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 26 маусым

© Sputnik / Владислав Воднев26 маусым - күнтізбе
26 маусым - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 177-ші күн. Жыл соңына дейін 188 күн бар

26 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

26 маусымда қандай айтулы оқиға болды

Бүгін – Халықаралық нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні. Атаулы күнді БҰҰ Бас ассамблеясы 1987 жылдың 7 желтоқсанында енгізген. 1987 жылғы "Нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі халықаралық конференцияның" нұсқауымен осы күн таңдалды. 

Сонымен қатар бүгін – БҰҰ-ның Халықаралық азаптау құрбандарына қолдау көрсету күні. Атаулы күннің мақсаты –  азаптауларды түп-тамырымен жойып, адамның ар-намысын аяққа таптайтын басқа да іс-әрекеттер мен жазаларға қарсы 1984 жылғы конвенцияның (1987 жылдың 26 маусымында күшіне енген) тиімді іске асуын қамтамасыз ету.  Азапқа ұшыраған адамдарға көмектесу үшін арнайы бағдарламаларды уақытылы жүзеге асыру керек. Бүкіл әлемдегі оңалту орталықтары көрсеткендей, азапқа ұшыраған жандар басынан өткен сұмдық жайттарды ұмытып, құлан таза айыға алады. БҰҰ Жоғарғы комиссары басқармасының аясында қызмет ететін азаптау құрбандарына арналған БҰҰ қайырымдылық қоры азапқа ұшыраған жандардың проблемасын шешіп, құрбандар мен олардың отбасына қаражат бөлумен айналысады.

Сонымен қатар бүгін – Тіс щеткасының туған күні. Біз күнделікті пайдаланатын заттың қайдан шыққаны туралы ойлана бермейміз, алайда тіс щеткасының да шығу төркіні, даму және өзгеру тарихы бар. Ғалымдар мен тарихшылар анықтағандай, тіс щеткасы сонау 1948 жылы алғаш рет жасалған. Өнертабысты алғаш қолданған қытайлар, олар тіс тазалайтын арнайы таяқшаны пайдаланыпты. Ал тіс щеткасының өнеркәсіптік өндірісін 1780 жылы ағылшын Вильям Эдис қолға алды. Бұл айтулы оқиға 26 маусымда болған, сол себепті Тіс щеткасының туған күні ретінде осы күн таңдалыпты.

26 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1925 жылы Голливудта Чарли Чаплиннің "Алтын безгек" фильмінің тұсаукесері болды;

1979 жылы Мұхамед Әли бокстан кететінін мәлімдеді;

1982 жылы америкалық ұлттық футбол лигасы кокаинді спортқа төніп тұрған басты қауіп-қатер деп атады;

2015 жылы АҚШ жоғарғы соты Конституцияға өзгерту енгізіп, барлық елу штатта бір жынысты некеге рұқсат берді.

26 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1929 жылы Алматы зооветеринарлық институты мен Қазақ ауыл шаруашылығы институттарының базасында Қазақ ұлттық аграрлық университеті құрылды;

1996 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" заңға қол қойды;

2011 жылы Нұр-Сұлтанда (бұрынғы Астана) Бейбітшілік және келісім сарайы маңындағы саябақта Журналистер аллеясы ашылды;

2012 жылы Алматыда Etzooke студенттер командасы өздері құрастырған "Архангел" ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырып көрсетті;

2014 жылы Түркістан облысының Сайрам ауданында кабель және сым шығаратын кәсіпорын ашылды;

26 маусымда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1941 жылы кеңес мәнерлеп сырғанаушысы, КСРО-ның алты дүркін чемпионы Тамара Москвина дүниеге келді. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1969). Мәнерлеп сырғанаудан кеңес және ресейлік бапкер. РФ еңбек сіңірген бапкері. РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994). РФ еңбек сіңірген дене шынықтыру қызметкері (2002);

1968 жылы итальян футболшысы, бірнеше жыл Италия құрамасы мен "Милан" клубының капитаны болған Паоло Мальдини дүниеге келді;

1970 жылы америкалық кино актері Крис О’Доннелл дүниеге келді ("Құштарлық анатомиясы", "Теңіз полициясы");

1972 жылы канадалық әнші, актер, "Нотр-Дам де Пари" мюзиклінің түпнұсқасында Квазимодо рөлін сомдаған Гару дүниеге келді.

26 маусымда Қазақстанда кім туды

1926 жылы Қазақстанның халық ұстазы, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Қожахмет Балахметов дүниеге келді;

1930 жылы заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, прокуратура қызметкері Ғайрат Сапарғалиев дүниеге келді;

1936 жылы техника ғылымдарының докторы, Қарағандының құрметті азаматы, Қазақстан өнеркәсібінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері Дымкеш Мұқанов дүниеге келді;

1946 жылы химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы және Қаныш Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері Зұлхайыр Мансұров дүниеге келді;

1950 жылы экономика ғылымдарының докторы, Халықаралық экология, адам және табиғат қауіпсіздігі ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Аманқұл Серікбаев дүниеге келді;

1969 жылы Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов дүниеге келді;

1973 жылы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі инвестициялар комитетінің төрағасы Бақыт Батыршаев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде орналасады. Ерекше бірдеңе ойлап тауып, жаңа салада жетістікке жетесіз. Соның арқасында көпшіліктің қолдауына ие болып, табыс пен байлыққа кенелесіз. Біреуге емес, өзіңізге еңбек ететін уақыт келді. Бүгін ойға алғаныңыздың бәрі іске асады, жаңа өмірге қадам басуға қорықпаңыз.

Жаңалықтар
0