Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 мамыр

© Sputnik / Владислав Воднев28 мамыр - күнтізбе
28 мамыр - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 148-ші күн. Жыл соңына дейін 217 күн бар

28 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бүл күннің қалай есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

            28 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін көптеген елде Қара шашты қыздардың күні аталып өтеді. Бұл арулар үріп ауызға салғандай сұлу, мінсіз мүсінді, ерік-жігері мықты әрі көркіне ақылы сай келеді. Мерекенің қалай шыққаны да өте қызық – 2006 жылдан бері Дүниежүзілік сары шашты қыздар күні тойланатындықтан, қара шашты арулар да көштен қалмай, бәскелестерінен басып озу үшін өз мерекелерін атап өтуді шешті. Қара шашты қыздар күні – бейресми мереке, алайда көп ұзамай ресми мәртебеге ие болуы ықтимал. 28 мамырда қара шашты аруларға жылы лебіз білдіріп, жүрекжарды тілектер айтып, гүл сыйлау керек. Мейрам жыл өткен сайын кең тарап барады – дүкендерде әртүрлі науқандар жүргізіліп, клубтарда марапаттау және басқа да рәсімдер өтеді, ал журналдар ең әдемі қара шашты сұлуды таңдайды.

28 мамырда майонездің туған күні аталып өтеді. Аңыздардың біріне сүйенсек, ол Жеті жылдық соғыс кезінде пайда болған. 1756 жылы Францияның Маон қаласын ағылшын әскерлері басып алды. Көп ұзамай қала ішіндегі маршал Луи дю Плесси бастаған француз гарнизонына азық-түлік жетпей жатты. Сол кезде қолда бар азық-түліктен жұмыртқа, өсімдік майы және лимон ғана болған. Сарбаздар омлетке әбден мезі болғанда, аспаз аталған ингридиенттерден соус жасапты. Дәмді шыққаны сонша, әзірлеу тәсілі бүкіл Францияға тарайды. Соусты шыққан қаланың атымен майондық, яғни французша "mayonnaise" деп атаған екен. Бүгінде соустың рецептісі аздап өзгерген. Оған өсімдік майы мен жұмыртқадан бөлек сүт, қыша, сірке суы және басқа да дәмдеуіштер қосады.

Сонымен қатар бүгін кәсіби мереке –  SEO оптимизатор немесе SEO-администратор күні. Бұл мерекенің әзірге ресми мәртебесі жоқ, тек осы саланың мамандары ғана бар екенін біледі. SEO дегеніміз іздеу жүйелерімен жұмыс істеу әдістері, оның мақсаты – қолданушылардың белгілі бір сауалдарына сүйене отырып, іздеу жүйелері арқылы өзіңізге қажетті дереккөздерді ілгерілету. SEO-оптимизатор мамандығы өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ортасында пайда болды. Содан бері қанша жыл ішінде іздеу жүйелері бірнеше мәрте алгоритмдерін өзгертті, тиісінше SEO оптимизация да дамыды. Қазір SEO  миллиондаған айналымы бар қуатты өнеркәсіпке айналды.

            28 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1664 жылы Бостонда алғашқы баптистер қауымдастығы құрылды;

1742 жылы Лондонда алғашқы жабық бассейн салынды;

1754 жылы Франция мен Үндістан соғысына бастау болған Жумонвиль оқиғасы болды;

1997 жылы Киевте Ресей мен Украина Қара теңіз флотын бөлісу туралы құжаттарға қол қойды.

            28 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1869 жылы Елек пен Қарғалы өзендерінің қосылатын жеріндегі екі төбенің үстінде Ақтөбе бекінісінің негізі қаланды;

1998 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев пен LG Electronics басшысы Джон Ку салтанатты түрде "LG Electronics Almaty Kazakhstan" зауытын ашты;

2012 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласындағы Бастөбе тауының бөктерінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған еске алу митингі өтіп, "Қазақ халқына мың алғыс" атты монументтің іргетасы қаланды;

2014 жылы Қазақстан мен Қытай төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды;

2015 жылы Қызылордада күріш өңдеу және құрама жем өндіру зауыты ашылды.

            28 мамырда әлемде дүниеге келген тұлғалар

1908 жылы офицер, тілші әрі жазушы Ян Флеминг дүниеге келді. Ол агент 007 Джеймс Бонды туралы кітап жазған;

1971 жылы кеңестік және ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, Сергей Гриньковпен жұптасып жарыстарға қатысқан Екатерина Гордеева дүниеге келді. Екі дүркін олимпиада чемпионы (1988, 1994), төрт дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы және кәсіпқойлар арасында үш дүркін әлем чемпионы. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1988). Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері (1994);

1976 жылы ресейлік гимнаст, төрт дүркін олимпиада чемпионы, РФ еңбек сіңірген спорт шебері Алексей Немов дүниеге келді;

1968 жылы австралиялық әнші әрі актриса Кайли Миноуг дүниеге келді ("Соседи", "Мулен Руж", "Разлом Сан-Андреас").

            28 мамырда Қазақстанда кім туды

1874 жылы композитор әнші, Қазақстан Композиторлар одағының алғашқы мүшелерінің бірі Естай Беркімбайұлы дүниеге келді;

1946 жылы Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының актрисасы Гүлжан Әспетова дүниеге келді;

1960 жылы Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері Нұрлан Ерімбетов дүниеге келді.

            Ай күнтізбесі

Ай Балықтар белгісінде орналасады. Маңызды, ұзақ мерзімді жобалар мен алыс сапарларға қолайлы күн. Осы кезеңде басталған барлық шара іске асады. Екінші осындай мүмкіндікті бір ай күтуге тура келеді. Айтылған әр сөзді мұқият тыңдаңыз. Бұл өз жолыңызды тауып, осы өмірдегі орныңызды білуге көмектеседі.

Жаңалықтар
0