Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 наурыз

© Sputnik / Владислав Воднев2 наурыз - күнтізбе
2 наурыз - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 61-ші күн, жыл соңына дейін 304 күн бар

2 наурызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

2 наурызда қандай қызықты оқиға болды

2 наурызда компакт-дискінің туған күні аталып өтетінін білесіз бе? Бұл күні 1983 жылы үш жетекші компания Лондонда Бетховеннің Тоғызыншы симфониясы жазылған алғашқы дискіні жұртшылықтың назарына ұсынды.

Қызықты фактілер:

ABBA тобы бірінші болып The Visitors альбомын сериялық компакт-дискіде шығарды.

1985 жылы Dire Straits тобы Brothers in Arms альбомын компакт-дискіге жазып шығарды. Ол 1 миллион данамен таралып кеткен алғашқы альбом болды.

Сондай-ақ бүгін Халықаралық сіріңке күні аталып өтеді. Бір қызығы, кейбір елдерде (Швеция, Швейцария және Германия) сіріңке музейлері бар.

Үндістанда бүгін Холи мейрамы немесе бенгалдық жаңа жыл тойланады. Холи (Holi) — үнді халқының жарқын бояулармен әспеттелетін көңілді мерекелерінің бірі, ол табиғат ананың толысқан шағында аталып өтетін көктем мерекесі. Ел аузында Холи мерекесінің шығуы туралы бірнеше аңыз бар.

Олардың бірінде Холи сөзінің Холика атты әзәзілдің атынан шыққандығы айтылады. Есте жоқ ерте замандарда қаһарлы патшаның ұлы Прахлада Вишнуға табынады екен. Ал оны бұл жолдан ешкім тайдыра алмайды. Сонда оның Холика атты әпкесі отқа түсуіне үгіттеп, арбайды. Бірақ, өзі құрған қақпанның құрбаны болған Холика отқа өртеніп кетеді де, Прахлада аман қалады. Осы оқиғаның құрметіне мейрам күні алау жағылып, серуен құрылады.

Бұл ежелгі мейрам қазір тек Үндістанда ғана емес, бүкіл әлемде тойланып жүр.

2 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1933 жылы Нью-Йоркте "Кинг Конг" фильмінің премьерасы өтті;

1951 жылы NBA жұлдыздарының алғашқы ойыны өтті;

1958 жылы В.Фукстің ағылшын экспедициясы алғаш рет Антарктиданы кесіп өтті;

1964 жылы The Beatles тобы "A Hard Day’s Night" алғашқы фильмінің түсірілімін бастады.

2 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық мәжілісінде Қазақстан БҰҰ-ға мүшелікке кірді.

1995 жылы Жамбыл (Тараз) қаласында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан әйелдерінің 1-ші форумы болды;

1995 жылы Қазақстан президентінің "Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру жөніндегі" жарлығы шықты;

2011 жылы Астанада қазақ күйлері орналасқан жаңа мамандандырылған www.kui.kz  веб-сайты ашылды. Сайттан Құрманғазы, Қазанғап, Әбіл, Дәулеткерей, Динаның және басқа да қазақ халық композиторларының  күйлерін тыңдап, жүктеуге болады;

2013 жылы мемлекет басшысының жарлығымен мерекелер тізбесі Отбасы күнімен толықты, ол қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді;

2014 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институында Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат мектебі ашылды.

2 наурызда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1931 жылы кеңестік, ресейлік мемлекет және қоғам қайраткері, КОКП Орталық комитетінің соңғы бас хатшысы Михаил Горбачев дүниеге келді;

1938 жылы Ресейдің Халық суретшісі Вячеслав Зайцев дүниеге келді;

1969 жылы ресейлік театр және кино актері, кинорежиссер, тележүргізуші, РФ еңбек сіңірген әртісі Михаил Пореченков дүниеге келді.

2 наурызда Қазақстанда кім туды

1925 жылы түркітанушы, филология ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Шора Сарыбаев дүниеге келді;

1938 жылы Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Түркістан қаласындағы алғашқы театрдың негізін Райымбек Сейітмет дүниеге келді;

1952 жылы тележурналист, "Хабар" агенттігінің меншікті тілшісі, Қазақстан журналистер одағының лауреаты Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белгісінде орналасады. Бұл күні маңызды істерді ысырып қойған жөн. Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз. Дұрыс тамақтанғаныңыз абзал. Әйтпесе денсаулығыңыздың сыр бере бастауы әбден мүмкін.

Жаңалықтар
0