Дерекқор

Астана қаласы әкімдігінің "Қуыршақ" театры

CC0 / Екатерина Тыщенко / Астана қаласы әкімдігінің "Қуыршақ" театры
Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2010 жылдың 29 желтоқсанында Астана қаласында "Қуыршақ" театры ашылды. Бұл елорданың мәдени-рухани өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі болды

Астана Опера мемлекеттік опера және балет театры - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
"Астана опера" мемлекеттік опера және балет театры
Бүгінгі таңда театр директоры — мәдениеттану ғылымдарының кандидаты, "Құрмет" орденінің иегері Тоғжан Ескендірқызы Хасанғалиева. Ал көркемдік жетекшісі — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет", "Халықтар достығы" ордені, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, профессор Құралай Қалекетқызы Ешмұратова.

Мұнымен қатар, театрдың қоюшы режиссері қызметіне 2011 жылы "Үздік актриса" атанған Айжан Кәрібайқызы Салаева тағайындалды.

Театрдың жүлделері мен марапаттары

Астана қаласы әкімдігінің "Қуыршақ" театрының шығармашылық ұжымы аз уақытта көптеген жетістікке ие болды.

2012 жылдың 11-18 сәуір күндері Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласында өткен "Чодари хаел" III халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде "Менің салған суретім" спектаклі арнайы диплом иеленді. Аталған туындының авторы әрі режиссері Айжан Салаева болды.

2013 жылдың 25-29 қарашасында Елордада өткен "Ортеке" III халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде театрдың "Арыстан патша" қойылымы "Үздік спектакль" және "Ең үздік актерлік жұмыс" марапатын иеленді.

CC0 / Екатерина Тыщенко / Астана қаласы әкімдігінің "Қуыршақ" театрының әртістері
Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры - Sputnik Қазақстан
Астана қаласы әкімдігінің "Қуыршақ" театрының әртістері

2013 жылдың 1-6 қазан күндері Ақтөбеде өткен "Ассалаумағалейкум — III" халықаралық қуыршақ театрлар фестивалінде "Қаңбақ шал" қойылымымен қатысқан ұжым дипломант атанды.

2014 жылы 1-6 қазанда Ресейдің Астрахан қаласында болған "Каспий жағалауы" атты ТМД елдер арасындағы қуыршақ театрлары фестивалінде "Менің салған суретім" қойылымын көрермен назарына ұсынды. Осы қойылым үшін шығармашылық ұжым "Достық" номинациясын жеңіп алды.

CC0 / Екатерина Тыщенко / Астана қаласы әкімдігінің "Қуыршақ" театрының қойылымы кезінде түсірілген сурет
Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры - Sputnik Қазақстан
Астана қаласы әкімдігінің "Қуыршақ" театрының қойылымы кезінде түсірілген сурет

2014 жылы 15-21 қазанда Түркияда өткен XVII стамбулдық театр фестиваліне қатысты.

2014 жылы республика бойынша алғаш рет Италияның "Марионетка", Стамбулдың "Қарагөз" театрларымен достық қарым-қатысты нығайту мақсатында келісімшарт жасасты.

Тағы оқыңыз: Әлем жұртын өнерімен таң-тамаша еткен "Астана балет" театры

Бұдан өзге 2015 жылдың 29 маусым мен 2 шілде аралығында театрдың көркемдік жетекшісі Құралай Ешмұратова атындағы "I халықаралық "Құралай" қуыршақ театрлар фестивалін өткізді. Театр мерекесі қарсаңында 9 мемлекеттегі театр басшылары EURASIA PUPPET қуыршақ театрлар ассоциациясын құру меморандумына қол қойды. Аталған келісім театр арасында тәжірибе алмасып, арадағы сенімді нығайтуға бағытталған.

CC0 / Екатерина Тыщенко / Астана қаласы әкімдігінің "Қуыршақ" театрының ішкі көрінісі
Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры - Sputnik Қазақстан
Астана қаласы әкімдігінің "Қуыршақ" театрының ішкі көрінісі

Аталған фестивальге Ресей, Татарстан, Тәжікстан, Италия, Болгария, Сербия, Румыния, Перу, Эстония елдерінің театрлары қатысты.

Қаллибек Қуанышбаев атындағы театр - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры
2015 жылдың 24-28 қараша күндері Астана қаласы әкімдігінің "Қуыршақтар" театры Қостанайда өткен "Ортеке" IV халықаралық қуыршақ театр фестивалінде Сәкен Жүнісовтің "Атамекен" шығармасын сахналады. Сондай-ақ, осы қойылым үшін театр "Хореографиялық-пластикалық шешім үшін" атты номинацияны жеңіп алды.

Осы қойылымның арқасында шығармашылық ұжым 2016 жылдың 21-25 наурызында Тамбов қаласында өткен "Преданья старины глубокой" атты II халықаралық қуыршақ театрлар фестивалінде арнайы диплом және "Ұлттық дәстүрлерді ұлықтау" номинациясын иеленді.

CC0 / Екатерина Тыщенко / "Қуыршақ" театрындағы кейіпкерлердің бірі
Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры - Sputnik Қазақстан
"Қуыршақ" театрындағы кейіпкерлердің бірі

Бүгінгі "Қуыршақ" театрының сахнасынан төл аңыз-ертегілерден бөлек, шетелдік және отандық заманауи туындыларды да тамашалауға болады. Олар — Айжан Салаеваның "Менің салған суретім", "Байқа жолда, балақай", "Мен сияқты жаса", Тоғжан Хасанғалиеваның "Орманда болған оқиға", "Ана құдіреті", Құралай Ешмұратованың "Махаббат туралы аңыз", Мырзабек Тойбаевтың "Сиқырлы сөздер", Еркін Жуасбектің "О, тоба" сынды спектакльдері. Мұнымен қатар, шетелдік драматургтердің "Сарбаздың бақырашы", "Су перісі" сынды туындылары.

Көрермен жүрегін баураған театрдың бағындырар белесі әлі алда екені сөзсіз.

Жаңалықтар
0