Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 29 қаңтар

© Sputnik29 қаңтар - күнтізбе
29 қаңтар - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 29-шы күн. Жыл соңына дейін 336 күн бар

29 қаңтарда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

29 қаңтарда әлемде қандай қызықты оқиға болды:   

Бүгін Еркін жүру күні аталып өтеді. Бұл күні кейбір нәрселерден бас тартып, аздап көңіл көтеруге болады. Туыстарыңыз бен таныстарыңызды өзіңізге демалыс алатыныңызды ескертіп, оларға кейбір міндеттемелерден бас тартуға мүмкіндік беріңіз. Күн сайын міндетті жұмыс істейміз. Ерте тұрып, беті-қолымызды жуып, таңғы ас ішеміз, жұмысқа, үйге барып, ұйқыға жатамыз. Тіпті демалыс күндерінде де туыстарымыз бен жақындарымыздың алдында міндеттемелер аламыз. 

Алайда қайталана беретін осындай оқиғалар бізді ақымақтық жасауға итермелеуі мүмкін. Көңіл сергітіп, бойыңды еркін ұстағың келеді және қандай да бір жоспардан тыс әрекет жасасам дейсің. Міне, сол үшін Еркін жүру күні мерекесі ойлап табылды. Ол 29 қаңтарда бүкіл әлемде тойланады, бірақ оны көп адам біле бермейді. Бұл көңілді, ізгілікті мереке. Ешкім сізді  барлық міндеттемені толық орындауға мәжбүрлемейді.  

Сондай-ақ бүгін – Ядролық соғыс қаупіне қарсы жұмылдыру күні. Адамзат пайда болғалы бері адамдар әскери әрекеттер кезінде абсолютті артықшылық алуға тырысып бағуда. Олар жауға ірі ресурстарды пайдаланбай, айтарлықтай зиян келтіруге ниетті. Бұл идея ядролық қару жасалғаннан кейін өмірге келді. Ол жер шарындағы тіршілікке қауіп төндіреді. Ядролық қаруды пайдаланумен байланысты тәуекелдерге қоғам назарын аудару үшін халықаралық мереке белгіленді. 

 АҚШ-та бүгін Ұлттық жүгері чипсы күні аталып өтеді. Бұл көптің сүйікті тағамын "Fritos" фирмасы ойлап тапты. "Fritos" жүгері чипстерінің рецептін Элмер Дулин 1932 жылы Сан-Антониодағы шағын кафенің иесінен 100 долларға (ол кезде бұл көп ақша болған) сатып алды. Олардың отбасы рецепті жетілдіріп, содан кейін сата бастады. Жаңа америкалық тіскебасар осылайша дүниеге келді. 

29 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар: 

1804 жылы Шығыс Еуропадағы ең көне университеттердің бірі болып табылатын Каразин атындағы Харьков ұлттық университеті ашылды;

1886 жылы бензинмен жүретін әлемдегі алғашқы автокөлік жасалды (Карл Бенц бензинмен жұмыс істейтін алғашқы көлік құралына патент алды);

1922 жылы Нью-Йорктегі кинотеатр қардың салмағынан қирады, 120 адам қаза тапты;

1927 жылы Англияда жуынатын бөлмесі бар қонақ үй алғаш рет пайда болды.

 29 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:   

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды;

1998 жылы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан Талғат Мұсабаев бастаған халықаралық экипаж ғарышқа аттанды; 

1999 жылы Олжас Сүлейменовтің Ізгілік академиясы ашылды; 

2007 жылы Румынияның Бая Маре қаласында "Ромалтын" қазақ-румын бірлескен компаниясын таныстыру рәсімі өтті. 

29 қаңтарда дүниеге келген танымал тұлғалар:   

1860 жылы орыс жазушысы, прозаик, драматург Антон Чехов дүниеге келді. Әлемдік әдебиеттің классигі. 

1866 жылы француз жазушысы, қоғам қайраткері, ғалым-музыкатанушы Ромен Роллан дүниеге келді. КСРО ҒА-ның шетелдік құрметті мүшесі (29/03/1932). Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1915);

1954 жылы америкалық тележүргізуші, актриса, продюсер, қоғам қайраткері, "Опра Уинфри шоуы" ток-шоуының (1986-2011) жүргізушісі Опра Уинфри дүниеге келді. Forbes журналы оны 2005 жылы тоғызыншы, 2007 жылы бірінші ең ықпалды әйел, 2009 жылы шоу-бизнестегі ең ықпалды адам, 2010 және 2013 жылдары ең ықпалды танымал тұлға деп атады;

1970 жылы ресейлік композитор, пианист, әнші, актер, продюсер, тележүргізуші Дмитрий Маликов дүниеге келді. Ресей Федерациясының халық әртісі (2010).   

29 қаңтарда Қазақстанда кім дүниеге келді:

 1930 жылы қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі Санжар Жандосов дүниеге келді;

 1933 жылы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Шәрифолла Сәниев дүниеге келді;

1936 жылы жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мағзом Сүндетов дүниеге келді;

1956 жылы Қазақстан Республикасының жастар футбол командасының бас бапкері Сергей Боровский дүниеге келді;

1966 жылы жазушы, сатирик Ермахан Шайхыұлы дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай Шарышаян белгісінде орналасады. Егер жалғыз қалуды қаласаңыз, бүгінгі күн ол үшін қолайлы уақыт, жаңа және қызықты нәрсені үйренуге тырысыңыз. Бүгінгі күн көңілсіз болса да, жалқаулыққа бой алдырмаңыз.

Жаңалықтар
0