Дерекқор

Ескі жаңа жыл: шығу тарихы мен наным-сенімдер

© Sputnik / Владислав Воднев2019 жыл
2019 жыл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл мерекенің күнтізбеде қалай пайда болғанын және қандай ырым-тыйымдарды ескеру керектігін материалдан оқыңыз

Мереке күнтізбеде жыл санау тәртібінің өзгеруіне байланысты пайда болды. Оны дәстүрлі түрде шіркеуде Христос Рождествосын Юлиан күнтізбесі бойынша 7 қаңтар күні атап өтетін мемлекеттер тойлайды. Сол себепті мұндай күнтізбе бойынша жыл басы 14 қаңтардан басталады.

Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жұлдызды Жаңа жыл: танымал әртістер отандастарына қандай тілек айтты?
Мерекенің пайда болу тарихы

Ресей патша билік құрған заманда Ежелгі Мысыр астрономиясына сүйеніп құрастырған Рим империясының күнтізбесі бойынша өмір сүрді. Ал Еуропа ғаламдағы барлық өзгерісті ескеріп, XVI ғасырда құрастырылған Григориан күнтізбесін пайдаланды. Екі күнтізбе арасында 13 күн айырмашылық бар. Бұл өз кезегінде халықаралық деңгейдегі жұмыстарды жүргізуге кері әсерін тигізді. Осыдан кейін 1918 жылы 14 ақпанда большевиктер мемлекетті Григориан күнтізбесіне ауыстырды. Ескі жаңа жыл мерекесі осы кезде пайда болды.

Алайда орыс шіркеуі Григориан күнтізбесіне өтуден бас тартып, әлі күнге дейін Юлиан күнтізбесін пайдаланып келеді. Сол себепті Христос Рождествосын 7 қаңтарда атап өту дәстүрге айналды. Ал православ шіркеуі үшін жыл басы 14 қыркүйектен басталады.

Ескі жаңа жылды Ресей ғана емес, Черногория, Сербия, Швейцария, Алжир, Марокко,Тунис және Жапония секілді бұрынғы КСРО мемлекеттері де атап өтеді.

Мереке жоралғылары

1918 жылға дейін ескі жаңа жылдың орнына егіншілік күні — Васильев мерекесін атап өтіп келді. Сондай-ақ, бұл күні адамдардың қолы ашық болатындықтан, оны "жомарттық жасау кеші" деп атайды. Асүй ханшайымдары ет пен шошқа майы қосылған ботқа, құймақ пен бәліш әзірлеп, кешке көршілерімен бір дастархан басында дәмнен ауыз тиеді. Кім бәрінен мол дастархан жайса, сол жыл бойы табысты болады деген сенім бар.

Тағы оқыңыз: 

Василий шошқа асыраушылардың жебеушісі болғандықтан, бұл күні шошқадан жасалған тағамдар жоғары бағаланады.

Аталған мереке кезінде ішіне тосынсый салынған вареник әзірлеу дәстүрге айналған. Отбасы болып жиылып, алдымен, қамыр мен ішіне салатын салмасын әзірлейді. Кейін барлығы бір дастарханда бас қосып, оны дайындауға кіріседі. Ал тосынсыйдың не болатыны өзіңіздің қиялыңызға байланысты.

Кімге "бақыт варенигі" түссе, сол жыл соңына дейін қуанышты күндердің куәсі болады. Мысалы, ішіне үрмебұршақ салынған вареник отбасының жаңа бір адаммен толығатынын білдіреді. Ал қант өмірдің балдай тәтті болатынының, тиын бақыт пен берекенің белгісі. Аскөк денсаулықты, жіп саяхатты меңзейді. Яғни варениктің ішіне кез келген нәрсе салуға болады. Бастысы мұны қонақтарға ескертуді ұмытып кетпеу керек.

Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Жаңа жыл туралы қызықты деректер: тарихы және қарсы алу дәстүрі
Мереке кезіндегі ырымдар

"Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, бір жылды дәл солай өткізесің" деген сөздердің ескі жаңа жылға да қатысы бар. Сол себепті қаңтардың 13-нен 14-не қараған түні қонақтар әдемі киініп, мол дастархан жаюы тиіс. Сондай-ақ, мереке түні үйге көпбалалы қонақ бірінші кірсе, молшылық болады деп ырымдаған.

Бұдан өзге адамдар жылдың қалай өтетінін ауа райына қарап болжаған. Мысалы, жел оңтүстіктен соқса, бұл бір жыл бойы күннің ыстық әрі адамдар жүрегінің мейірімге толы болатынын білдірген. Ал жел батыстан соқса, бұл бір жыл бойы сүт пен балықтың, аспанның ашық болуы жеміс-жидектің мол болатынының белгісі.

Ескі жаңа жыл түнінде не істеуге болмайды?

Ең бастысы — бұл кезде қарыз алмау және бермеу. Әйтпесе, жылды осылай өткізетін боласыз.

Ескі жаңа жылды тек әйелдер қауымымен бірге қарсы алмаған жөн. Әйтпесе жыл бойы жалғызсырап өтесіз.

Бұл күні қоқыс тастап, үй жинамаған да жөн. Әйтпесе қоқыспен бірге сәттілік те кетіп қалуы мүмкін. Мұның орнына алдын ала жинастырып, мереке кезінде демалуға тырысқан дұрысырақ.

Жаңалықтар
0