Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 желтоқсан

© Sputnik / Владислав Воднев20 желтоксан
20 желтоксан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 354-ші күн. Жыл соңына дейін 11 күн бар

20 желтоқсанда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

20 желтоқсанда әлемде қандай қызықты оқиға болды:  

Бүгін Адамдар ынтымақтастығының халықаралық күні аталып өтеді. Мереке БҰҰ Бас Ассамблеясының 2006 жылғы 17 наурыздағы қарарымен бекітілді. Ол қоғам дамуында туындайтын тұлғааралық қатынастардағы кемшіліктерді жоюды көздейді. Адамдардың бірлігі дегеніміз –  әртүрлілік, өзара жауапкершілік, өзара көмек және ортақ мақсаттарға жетуге қажетті ортақ мүдде, ол белгілі бір жоспарларды, бағдарламалар мен саясатты жүзеге асыру кезінде көрініс табады. Бұл әлемдік мереке барлық елдің іргелі құндылығы – ынтымақтастыққа арналған.  

 Сондай-ақ 20 желтоқсанда қауіпсіздік органдары қызметкерінің күні аталып өтеді. Мерекелік іс-шараларға құқық қорғау органдарына қатысы бар әрбір адам қатысады: Федералды қауіпсіздік қызметі, сыртқы барлау күзеті, Арнайы бағдарламалардың бас басқармасы.

Бүгін –  Қалбыр мерекесі күні. Бірнеше жыл бұрын латвиялық шпрот өндіретін зауыт ноу-хау – әйнектей қақпағы бар құтыларды (банка) қолданысқа енгізді. Қымбатқа түссе де, қаптамадағы өнімнің көзге көрініп тұрғаны маңызды деп есептейді өндірушілер. 

АҚШ-та 340 мл алюминий банкадағы "Scottish Spirits" вискиінің сынақ партиясы шығарылды. Өндіруші мұндай қаптамаға сұраныс артады және бұл көлем үшке бөлуге, оны танымал сусындар қосылған коктейлдерге қолдануға ыңғайлы болады деп есептейді. Сонымен қатар, мұндай қаптаманың бағасы да арзан, ал банканың салмағын ауыр шыны бөтелкемен салыстыруға мүлде келмейді.  

20 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар:  

1974 жылы Эфиопия социалистік мемлекет деп жарияланды;

1987 жылы "Донья Пас" паромы "Вектор" танкерімен соқтығысқаннан кейін суға батып кетті, 4375 адам қаза тапты;

1996 жылы NeXT компаниясы Apple Computer-мен бірігіп, Mac OS X әзірлемесі басталды;

1999 жылы Португалия Макао аралын Қытайға берді. 

20 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:  

1923 жылы Қазақ КСР Орталық атқару комитеті латын әліпбиіне көшу туралы қаулы қабылдады;

1923 жылы  Ақмола-Павлодар темір жолы пайдалануға берілді;

1970 жылы Сұлтан Қожықовтың әйгілі кинотуындысы "Қыз Жібек" экранға шықты;

 1991 жылы Қазақстанның  "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" заңы қабылданды;

2006 жылы Алматыда олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов туралы кітап таныстрылды. 

20 желтоқсанда дүниеге келген танымал тұлғалар:   

1927 жылы Корея Республикасының бұрынғы президенті (1993-1998) Ким Ён Сам  дүниеге келді;

1940 жылы кеңестік мультипликациялық фильмдердің директоры Анатолий Резников дүниеге келді. Балаларға арналған әдебиет және өнер туындылары үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған (1985). Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (2012); 

1980 жылы ағылшын футболшысы, лондондық "Челси" мен Англия құрамасының қорғаушысы Эшли Коул дүниеге келді;

1985 жылы Ресей театр және кино актрисасы Елизавета Боярская дүниеге келді. Михаил Боярский мен Лариса Луппианның қызы. 

20 желтоқсанда Қазақстанда кім дүниеге келді: 

1913 жылы актер, Қазақстанның халық әртісі Шәріпбай Сәкиев дүниеге келді;

1914 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, актер Жүсіпбек Тұрсынов дүниеге келді;

1928 жылы жазушы, филология ғылымының докторы Мырзабек Дүйсенов дүниеге келді;

1944 жылы "Бахус" акционерлік қоғамының атқарушы директоры Артем Карапетян дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Жан тыныштығын қаласаңыз да, сізді кездесулер, оқиғалар мен іс-шаралар күтіп тұр. Бұл күні көп қимылдағаннан діңкеңіз құриды, бірақ өте көп мүмкіндік туғызады және өте ықпалды адамдармен танысасыз. Барлығына дайын болыңыз. 


Жаңалықтар
0