Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 желтоқсан

© Sputnik17 желтоқсан
17 желтоқсан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 351-ші күн, жыл соңына дейін 14 күн бар

17 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз. 

17 желтоқсанда қандай оқиға болды

1986 жылы 17-18 желтоқсанда Алматыда қазақ жастары көтеріліске шықты. Наразылықтың басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Геннадий Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық айтыла бастады. Әлі күнге дейін көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.

1991 жылы желтоқсанның 12-інде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы" Жарлығымен желтоқсан көтерілісінен кейін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған адамдар ақталды. 

Бүгін Беларусьте белорус киносы күні аталып өтеді. Кинематографистердің кәсіби мерекесі президент жарлығымен 1994 жылы бекітілді. Бұл датаға таңдау бекер түспеген. 1924 жылы 17 желтоқсанда Халық комиссарлары кеңесінің "Белорус кеңестік социалистік республикасының кино өндірісі туралы" қаулысы шыққан еді. Осы күні Халық ағарту комиссариаты жанынан "Белгоскино" кинематография және фотография істері бойынша мемлекеттік басқарма құрылды. 

17 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1903 жылы АҚШ-та алғашқы ұшақ көкке самғады; 

1926 жылы тұңғыш рет бүкілодақтық халық санағы жүргізілді; 

1989 жылы "Симпсоны" мультсериалының алғашқы сериясы шықты. 

17 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1919 жылы Орынбор қаласында "Ұшқын" газетінің алғашқы саны жарық көрді. Қазір бұл басылым "Егемен Қазақстан" деп аталады;

2003 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды.

2011 жылы Түркияда ТҮРКІСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымы қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жыл толуына орай жиын өткізді. 

17 желтоқсанда дүниеге келген танымал тұлғалар

1770 жылы ұлы неміс композиторы, пианист, дирижер Людвиг Бетховен дүниеге келді; 

1921 жылы француз жазушысы Анн Голон дүниеге келді;

1928 жылы кеңес және ресейлік театр және кино актері, КСРО Халық әртісі, РСФСР мен Ресейдің мемлекеттік сыйлығының лауреаты Леонид Броневой дүниеге келді;

1975 жылы америкалық киноактриса и фотомодель Милла Йовович дүниеге келді. 

17 желтоқсанда Қазақстанда кім туды

1894 жылы отандық тіл білімі көшбасшыларының бірі, ғалым-педагог, әдіскер, әдебиетші, сыншы, тарихшы, қоғам қайраткері Телжан Шонанұлы дүниеге келді; 

1923 жылы кеңес және қазақ жазушысы, публицист, аудармашы Өтебай Қанахин дүниеге келді;

1957 жылы кеңес және қазақ спортшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Тимур Досымбетов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде орналасады. Бұл күні қамкөңіл болып, кей жағдайды көңіліңізге жақын алуыңыз мүмкін. Өзіңіздің де, басқа біреудің де көңіл-күйін түсірмеу үшін жалғыз болғаныңыз жөн. Сүйікті ісіңізбен айналысып, қарбалас тіршіліктен демалыңыз. 

Жаңалықтар
0