Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 қазан

Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 287-ші күн. Жыл соңына дейін 76 күн қалды

16 қазан күні не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

16 қазан күні қандай қызықты оқиғалар болды

БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ассоциациясының бастамасымен 16 қазан халықаралық нан күні болып белгіленді. Өткен ғасырдың 50-жылдары халықаралық наубайшылар ассоциациясы өкілдері ойлап тапқан идея 1979 жылы БҰҰ отырысында мақұлданды. Осылайша нан пісірушілердің өздерінің кәсіби мерекелері пайда болды.

Орташа есеппен адам өмірінде 7 тонна нан мен 35 мың тоқаш жейді. Сол себепті "Ас атасы — нан" деген сөз бекер айтылмаса керек. Көптеген мемлекетте бұл күні адамдар киімдерін түрлі-түсті гүлдермен безендіріп, нан туралы жаңылтпаш айтып жарысады. Бұдан өзге 16 қазан күні әлем жұрты халықаралық дұрыс тамақтану күнін атап өтеді. Гиппократ бір кездері "Сіздің асыңыз дәріге, ал дәрі асыңызға айналсын!" деп айтқан-ды.

16 қазанда болған тарихи оқиғалар

1923 жылы "The Walt Disney Company" кинокомпаниясы құрылды;

1923 жылы өздігінен жүретін сағаттар патенттелді;

1962 жылы "Юность" радио станциясы өз жұмысын бастады;

1983 жылы Владивостокта "Мумий Тролль" рок группасы құрылды.

16 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1934 жылы Федор Достоевский атындағы Семей орыс драма театры құрылды;

1961 жылы Өскемен аспаптар зауыты өзінің алғашқы өнімдерін шығара бастады;

1991 жылы Қазақ КСР-інің президентін сайлау туралы заң қабылданды;

1992 жылы Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасы ғылым академиясының шығыс бөлімшесі ашылды;

1994 жылы 16-17 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға ресми сапармен барды;

2000 жылы Семейдегі Ертіс өзенінің үстіне салынған көпірдің ашылу салтанатына президент Назарбаев қатысты;

2001 жылы Тараз қаласында "Жабағылы-Манас" тау клубы" республикалық қоғамдық бірлестігі тіркелді;

2007 жылы Шымкентте "Абай" деп аталатын ұлттық әдеби, мәдени, қоғамдық басылымның алғашқы нөмірі жарық көрді.

16 қазанда әлемде дүниеге келген тарихи тұлғалар

1854 жылы ирландиялық философ, эстет, жазушы ақын Оскар Уайльд туды;

1962 жылы кеңестік және ресейлік опера әншісі Дмитрий Хворостовский дүниеге келді;

1968 жылы кеңестік және ресейлік рок музыкашы Илья Лагутенко туды;

1970 жылы ресейлік футболшы және жаттықтырушы Андрей Тихонов өмірге келді.

16 қазанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1903 жылы Қазақстанның халық ақыны Нұрхан Ахметбеков дүниеге келді;

1930 жылы журналист, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ұзақ Бағаев туды;

1931 жылы ақын, аудармашы Шәміл Мұхамеджанов дүние есігін ашқан;

1944 жылы жазушы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Боранқұл Амантай туды;

1945 жылы режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерсайын Тәпенов дүниеге келді;

1954 жылы "Паң Нұрмағамбет" киностудиясы" ЖШС директоры Баянғали Әлімжанов жарық дүние есігін ашты.

Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белгісіне келіп тоқтайды. Адамның өзіне деген махаббаты артып, табанды бола түседі. Сезімге берілуді талап ететін мәселелерді шетке ысырған жөн. Бұл іссапар мен таныстық үшін таптырмас күн болмақ.

Жаңалықтар
0