Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қазан

© Sputnik / Серикжан КовланбаевБатпырауықтар күні
Батпырауықтар күні - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 285-ші күн. Жыл соңына дейін 78 күн бар.

14 қазанда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

            14 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін қонжық Винни-Пухтің туған күні. Өйткені 1926 жылы дәл осы күні Кристофер Робин Милннің сүйкімді серігі туралы алғашқы кітап жарыққа шыққан еді. 

Кейбірі шығарма кейіпкерінің туған күнін 1921 жылдың 21 тамызы деп санайды. Бұл күні Лондон драматургі Алан Милн сүйікті ұлына жұмсақ ойыншық қонжық сыйлаған екен. Кристофер оны Винни-Пух деп атап, сол сәттен бастап қонжық оның досына әрі серігіне айналады. Баласының ойыншық қонжығымен ойынын сырттай бақылап жүрген әке Винни-Пух туралы бірнеше кітап жазуға бел буады. 

Рождество қарсаңында, 1925 жылдың 24 желтоқсаны, Лондонның London Evening News газетінде шығарманың бірінші бөлімі жарияланады. Ал бір жылдан кейін жеке кітап болып басылады. Алан Милннің қонжық Винни-Пух туралы шығармасы көптің көңілінен шығып, оқырмандар оның жалғасын асыға күтеді. 

Шығарманың танымал болғаны соншалық, әлемнің 25 тіліне аударылды. 

Сондай-ақ, бүгінгі күн Бүкіләлемдік батпырауықтар күні ретінде танымал. Бұл күні бүкіл әлемде адамдар батпырауықтарды аспанға ұшырып, мәре-сәре болады. Батпырауықтар туралы дерек алғаш рет көне қытай жазбаларында кездеседі. 

Беларусь халқы Ана күнін атап өтеді. Мереке әйелге деген зор құрметтен бастау алады. 

            14 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар 

1843 жылы Мендельсонның "Үйлену тойы маршы" алғаш рет орындалды; 

1860 жылы Петербургте опералық Мариинский театры ашылды; 

1941 жылы алғаш рет "Ұмытпаймыз! Кешірмейміз!" ұраны жарияланды; 

 1997 жылы Эрмитажда Рембрантдтың 12 жыл бойы реставрацияда жатқан "Даная" картинасы қайта қойылды. Психикалық ауытқушылығы бар адам картинаға қышқыл төгіп, оны әдейі бүлдірген еді.

            14 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 

1939 жылы Жамбыл облысы құрылды;

1946 жылы Қазақстан КП ОК жанында Республикалық партия мектебі ашылды. Бұл мектепте Қазақ КСР-нің барлық лауазымды тұлғалары оқып шықты;

1994 жылы Астанада ақын Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойына орай ескерткіш ашылды;

2014 жылы Грекияда ақын, жазушы Сәкен Сейфуллинге қатысты 1930 жылдарда латын әліпбиінде жазылған құжаттар табылды.

            14 қазанда әлемде туған танымал тұлғалар 

1927 жылы британиялық киноәртіс, сценарийші, продюсер Роджер Мур дүниеге келді. Қалың көпшілікке Джеймс Бонд рөлін сомдауымен танымал; 

1934 жылы кеңестік, ресейлік және израильдік актер, театр және кино режиссері Михаил Козаков өмірге келді. РКФСР халық әртісі (1980). КСРО Мемлекеттік жүлдесінің лауреаты (1967);

1941 жылы Ресей армиясы Орталық академиялық театрының қоюшы-режиссері, Ресей Федерациясының халық әртісі, И.В.Сталиннің немересі, В.И.Сталиннің үлкен ұлы Александр Бурлонский туды; 

1963 жылы кеңестік және ресейлік суретші-модельер Валентин Юдашкин дүниеге келді. Ресейдің халық суретшісі (2005).

           14 қазанда Қазақстанда кімдер туды

 1905 жылы халық ақыны, күйші, әнші Мұзарап Жүсіпов дүниеге келді;

1916 жылы ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Хамит Ерғалиев өмірге келді;

1946 жылы ақын Айтуар Өтегенов туды;

1947 жылы бұрынғы мұнай және газ министрі, Қазақстанның Еңбек Ері Ұзақбай Қарабалин өмірге келді;

1948 жылы Қазақстан корейлері қауымдастығының президенті, ҚР бокс федерациясының вице-президенті Юрий Цхай дүниеге келді; 

1964 жылы жазушы-драматург Роза Мұқанова туды;

1972 жылы қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев өмірге келді;

1980 жылы спортшы Ардақ Назаров дүниеге келді. 

            Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасады. Бұл күні айналаңыздағы адамдармен сөзге келіп, жанжалдаспағаныңыз абзал. Жаңа іс бастамай, бұрынғы істі жалғастырған дұрыс. Бала көтеру мен емделуге таптырмас күн. 


Жаңалықтар
0