Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 қыркүйек

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуНью-Йорк
Нью-Йорк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 260-шы күн. Жыл соңына дейін 105 күн бар.

17 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

17 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиғалар болды 

Сырыңызбен бөлісіп, шер тарқататын адам таппай жүрсеңіз, қаламен сөйлесіңіз. Таңғалудың қажеті жоқ, өйткені бүгін – Қаламен сөйлесу күні. Бір сағат шаһар көшелерімен серуендеп, іштегі сырыңызды ақтарыңыз. Ал егер қаланың жауабын естігіңіз келсе, айналадағы адамдардың әңгімесіне құлақ түріңіз. Сонда талай қызықты дүние естуіңіз мүмкін. 

17 қыркүйекте Жапонияда – Қарттар күні. Жапондардың ұзақ өмір сүретіні бәріне мәлім. Күншығыс елінде ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 79 жас болса, әйелдер одан да көп өмір сүреді – 85 жас. Әлемде өмір сүру ұзақтығы бойынша жапон ерлері 4-ші орын алады екен. Жапонияда егде жас – "күміс" жас деп аталады. Әдетте "күміс" жастағы жапондар салауатты өмір салтын ұстануға тырысады. Бұл елде қарт адамдарға ерекше құрмет көрсетіледі, көшелерде қарияларға арналған арнайы жаяу жүргінші аймағы жасалады.  Қарттар күні зейнеткерлер үшін түрлі байқаулар мен көңіл көтеру бағдарлармалары ұйымдастырылады. Сондай-ақ бассейн, шаштараз, сауна, спорт орталықтары қарияларға тегін қызмет көрсетеді. 

АҚШ-та Конституция күні аталып өтеді. Бұл мереке 1787 жылы Конституцияның қабылдануы мен Америка азаматтығын алған адамдарға арналады.

17 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1922 жылы – Берлинде әлемде алғаш рет дыбыстық фильм көпшілікке көрсетілді; 

1924 жылы – Женевада алғашқы жекеменшік халықаралық мектеп ашылды, онда 8 адам білім алған; 

1941 жылы – КСРО-да барлық азамат үшін міндетті әскери оқу енгізілді; 

17 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 

1720 жылы – Павлодар қаласының негізі қаланды;

1930 жылы – "Колхоз жолы" аудандық газетінің алғашқы нөмірі жарыққа шықты (1990 жылдан бастап "Көкшетау" қалалық газеті болып өзгерді. 1980 жылы басылым "Құрмет белгісі" орденімен марапатталды; 

1993 жылы – Бейжіңде Қазақстан Елшілігінің ресми ашылу салтанаты өтті;

2011 жылы – Баянауылда XVII-XVIII ғасырдың мемлекет қайраткерлері Шоң би Едігеұлы мен Шорман би Күшікұлына ескерткіш ашылды;

17 қыркүйекте әлемде туған танымал тұлғалар 

— 1939 жылы  кеңестік театр және кино әртісі, сценарийші, "Розыгрыш", "Москва слезам не верит", "Любовь и голуби" фильмдерінің кинорежиссері  Владимир Меньшов дүниеге келді. "Где находится Нофелет?", "Китайский сервиз", "Ликвидация" картиналарында ойнаған;

— 1972 жылы кеңестік театр және кино әртісі, тележүргізуші, кинорежиссер  Федор Стуков өмірге келді. Балаларға арналған "Ералаш" әзіл-сықақ киножурналында, "Приключения Тома Сойера и Гекльберри Финна", "Остров сокровищ", "Пеппи – длинный чулок" фильмдеріне түскен; 

— 1985 жылы ресейлік хоккейші Александр Овечкин туды.

17 қыркүйекте Қазақстанда кімдер туды

1880 жылы ақын Ақылбек Сабалұлы дүниеге келді;

1933 жылы отандық қылмыстық құқық және криминология ғылымының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан криминологиялық қауымдастығының құрметті профессоры Елеген Қайыржанов туды; 

1944 жылы Қазақстан Ұлттық банкінің алғашқы төрағасы, қаржыгер, экономист Ғалым Байназаров өмірге келді;

1946 жылы ақын Өмірбай Сәуірбаев дүниеге келді;

1948 жылы Қазақстанның мемлекет қайраткері, дипломат Серік Пірімбетов туды; 

1968 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы, бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков өмірге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасады. Бүгін әріптестермен немесе серіктестермен араласу қиынға соғуы мүмкін. Аяқталмаған істі соңына дейін жеткізу үшін көп уақытыңыз бен күшіңізді сарп етесіз. Саяхаттауға, жолға шығуға немесе басқа жерге қоныс аударуға сәтті күн.

Жаңалықтар
0