Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 қыркүйек

© Sputnik / Сергей Ким"Шығыс базары" халықаралық фестивалі
Шығыс базары халықаралық фестивалі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 259-шы күн. Жыл соңына дейін 106 күн бар

16 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

16 қыркүйекте әлемде қандай қызық болды

Бүгін Италияның Верона қаласында әлемдегі ең мұңды шығарманың кейіпкері Джульеттаның туған күні аталып өтеді. Шекспирдің "Ромео және Джульетта" трагедиясындағы сұлудың жасы он төртке де толмаған болатын. Алайда Веронаға әлі күнге дейін әлемнің түкпір-түкпірінен ғашықтардан Джульеттаға жазылған хаттар келіп тұрады.

Қазақстандықтар бүгін Ана күнін мерекелейді. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Қазақ халқы аналарға ерекше тағзым жасайды, сондықтан президент Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы 8 наурыз қарсаңында күздің бір күнін аналарға арнауды ұсынған еді. Осылайша еліміздің күнтізбесінде "Аналар күні" пайда болды.

Сондай-ақ бүгін — Орман жұмысшыларының күні. Бұл күн адал еңбегімен орман байлығын еселеп, оларды күтіп-баптайтын табиғат жанашырларының төл мерекесі.

16 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1492 жылы Саргассово теңізі ашылды;

1908 жылы АҚШ-та General Motors компаниясының негізі қаланды;

1916 жылы Онтариода (Канада) құрғақ заң енгізілді;

1993 жылы Абхазиядағы соғыс кезінде Сухуми үшін күрес басталды;

1996 жылы АҚШ-та Пентагонның компьтерлік желісін бұзған хакер Кевин Митник қамауға алынды.

16 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1944 жылы  қазақ сазгері Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы құрылды;

1992 жылы  Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады;

1992 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдердің Парламентаралық ассамблеясы құрылды;

2005 жылы  Түркияның Измир қаласында Қазақстан Республикасы Құрметті консулдығының ашылу салтанаты өтті;

2006 жылы Алматы облысы Қарасай ауданында Наурызбай батырға ескерткіш ашылды.

16 қыркүйекте әлемде туған танымал тұлғалар

1745 жылы орыстың даңқты қолбасшысы Михаил Кутузов дүниеге келді;

1936 жылы кеңестік театр және кино әртісі, кинорежиссер, Ресейдің халық әртісі Михаил Кокшенов өмірге келді (фильмдері: "Не может быть", "Спортлото 82", "Самая обаятельная и привлекательная");

1945 жылы кеңестік және ресейлік эстрада әртісі, жазушы-сықақшы, тележүргізуші Евгений Петросян туды;

1952 жылы америкалық киноәртіс, бұрынғы кәсіпқой боксшы Микки Рурк дүниеге келді (фильмдері: "Дикая орхидея", "Год дракона", "Девять с половиной недель");

1956 жылы америкалық сиқыршы, гипнозшы Дэвид Копперфильд өмірге келді.

16 қыркүйекте Қазақстанда кімдер туды?

1926 жылы домбырашы, күйші Елемес Таласбайұлы дүниеге келді;

1928 жылы суретші Әлі Жүсіпов өмірге келді;

1949 жылы Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Қабиболла Жақыпов туды;

1973 жылы қазақстандық танымал велошабандоз, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасады. Бұл күні сөздің күші зор, сондықтан ауыздан шыққан әр сөзге мән берген дұрыс. Өтірік айтуға, біреуді өсектеп-жамандауға, бос әңгімеге уақыт кетірмеген абзал.

Жаңалықтар
0