Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 қыркүйек

Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесі бойынша 248-ші күн. Жыл соңына дейін 117 қалды.

5 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik дерекқорынан біліңіз.

5 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиғалар болды

Ең әуелі, бүгін – Өзаралық күні. Сыншылдар өзара сүйіспеншіліктің болуы мүмкін емес деп дәлелдеуге тырысса да, шын мәнісінде, бәрі басқаша. Өйткені өмірде өзара сыйластық, достық сияқты кіршіксіз сезімдер жоғалған жоқ. Сол себепті бүгінгі мерекені жақын-жуығыңызбен атап өтіңіз.

Сонымен бірге, бүгін – Қызғылт сары күн. Яғни, күз мерекесі. Ағаштардан толассыз түсіп жатқан күрең қызыл жапырақтардың күні. Мамыражай тыныштық пен күннің жылы шуағы өткен жазды еске салып, айнала біртіндеп қызғылт сары түске еніп барады.

Оның үстіне, қызғылт сары түс адамның эмоциясын сыртқа шығарып, өз-өзіне деген сенімділігін арттырады, жақсы көңілкүй сыйлайды.

Бүгін әлемде – Халықаралық қайырымдылық күні, БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 2013 жылдан бері тойланып келеді, ал осы мерекенің бастамашысы болған Венгрия елі. Бұл күн Тереза ананың қайтыс болған күнімен орайластырылған екен.

Үндістанда Ұстаз күні аталып өтеді.

5 қыркүйекте болған тарихи оқиғалар

1958 – АҚШ-та алғаш рет Борис Пастернактың "Доктор Живаго" романы жарық көрді;

1977 – "Вояджер-1" автоматты планетаралық станциясы іске қосылды;

1981 – Азияда бірінші рет науқас ЖИТС-тен көз жұмды;

1986 – Австралияда өлім жазасы алынып тасталды;

5 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1933 – Алматыда М. Лермонтов атындағы республикалық драма театры ашылды;

1986 – "Қарағанды-Орталық" атты жаңа әуежай ресми түрде ашылды;

2001 – Павлодарда Мәшхүр Жүсіп атындағы мешіт ашылды.

5 қыркүйекте туған танымал тұлғалар

— 1817 жылы ақын, жазушы әрі драматург және Козьма Прутковты ойлап тапқандардың бірі — граф Алексей Толстой ("Дон Жуан", "Князь Серебряный") дүниеге келді;

— 1946 жылы британдық рок-музыкант, Queen тобының көшбасшысы Фредди Меркьюри дүниеге келді;

— 1951 жылы америкалық актер Майкл Китон ("Бэтмен", "Бэтменнің оралуы", "Шұғыл шаралар") дүниеге келді;

— 1970 жылы ресейлік  музыкант, әнші, "Дискотека Авария" тобының солисті Алексей Рыжков дүниеге келді;

5 қыркүйекте Қазақстанда кімдер дүниеге келді

— 1924 жылы қазақ композиторы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сыдық Мұхамеджанов дүниеге келді;

— 1930 жылы жазушы, аудармашы, әдебиеттанушы, филология ғылымының кандидаты, доцент Сейділда Ордалиев дүниеге келді;

— 1954 жылы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінің директоры Нұрсән Әлімбай дүниеге келді;

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде орналасады. Сауда-саттық, сот істері, көші-қон немесе іссапар үшін өте сәтті әрі қолайлы күн. Ұйқыңызды қандырып, демалып тұрсаңыз тіпті жақсы. Созылмалы аурудың қозып кетуі ықтимал.

Жаңалықтар
0