Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 30 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 30 тамыз
Күнтізбе -  30 тамыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 242-ші күн. Жыл соңына дейін 123 күн қалды

30 тамыз әлемде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

30 тамызда қандай айтулы оқиға болды

Бүгін Қазақстанда мемлекеттік мейрам – Конституция күні аталып өтеді. Қолданыстағы Конституция жалпыхалықтық референдум негізінде 1995 жылдың 30 тамызында қабылданып, сол жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енген еді. Ол 9 тарау және 98 баптан тұрады. Ата Заңға кейін бірнеше рет өзгерістер енгізілді.

Конституцияда Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі, мемлекеттің ең жоғарғы құндылығы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы екендігі нақтыланған.

Жыл сайын Конституция күні республика бойынша кең көлемде тойланып жүр.

Сондай-ақ бүгін электр шаңсорғыштың туған күні. Шаңсорғышты 100 жылдан астам уақыт бұрын британдық Хьюбер Сесил Бут ойлап тапқан. Ол әуелі мұнай қозғалтқышының негізінде жұмыс істеген үлкен құрылғы - Puffing Billy жасап шығарады. Кейін пайдалануға ыңғайлы электр шаңсорғыштар пайда болды.

30 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1973 жылы Кенияда пілдерді өлтіруге тыйым салынды;

1918 жылы Фанни Каплан Владимир Ленинге шабуыл жасады;

1968 жылы The Beatles тобының Hey Jude атты синглы жарыққа шықты. Аталған ән барлық хит-парадта бірінші орынды иеленген еді;

1991 жылы Әзербайжан жоғарғы кеңесі "Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы" декларация қабылдады;

1993 жылы Париждегі Эйфель мұнарасына 150 миллионыншы адам көтерілді.

30 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1920 жылы Жамбыл аймағында телефон байланысы пайда болды. Мұны облыстық мемлекеттік мұрағатта жатқан құжаттар растайды;

1944 жылы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің 1944 жылғы 31 шілдедегі № 6279 қаулысына сәйкес, түрік, күрд, хемшилдер Қазақстанға жер аударылды;

1993 жылы Алматыда Халықаралық ядролық жарылысқа қарсы конгресс өз жұмысын бастады;

1999 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданында сазгер Нұрғиса Тілендиев қабірінің басына ескерткіш орнатылды;

2012 жылы Петропавлда қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

30 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1871 жылы ядролық физиканың "әкесі" атанған британиялық физик Эрнест Резерфорд дүниеге келді;

1954 жылы Беларусь Республикасының тұңғыш президенті Александр Лукашенко дүниеге келді;

1960 жылы орыс суретшісі Исаак Левитан дүниеге келді;

1968 жылы ресейлік әнші, "На-На" тобының солисі Вячеслав Жеребкин дүниеге келді;

1972 жылы америкалық актриса әрі модель Камерон Диас дүниеге келді. 

30 тамызда Қазақстанда кім туды

1902 жылы кеңестік партия және мемлекет қайраткері, қазақ кеңестік партия номенклатурасының негізін қалаушы Жұмабай Шаяхметов дүниеге келді;

1961 жылы мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Мергендер үшін сәтсіздікке толы күн болмақ. Өтірікке сеніп қалмаңыз. Ең бастысы, бойыңызды кернеген ашуды сыртқа шығарып алмаңыз.

Жаңалықтар
0