Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 29 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 29 тамыз
Күнтізбе -  29 тамыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 241-ші күн. Жыл соңына дейін 124 күн қалды

29 тамыз күні не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

29 тамыз күні әлемде қандай қызықты оқиғалар болды?

Бүгін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні аталып өтеді. Айтулы дата 2009 жылы 2 желтоқсанда БҰҰ бас ассамблеясының резолюциясымен қабылданған болатын. Мерекені атап өту бастамасын Қазақстан ұсынды. 1991 жылы 29 тамызда Семейдегі ядролық сынақ полигоны ресми түрде жабылған болатын.

Сондай-ақ, 29 тамыз мотоцикл күні. Суретші Джек Армстронгтың Harley компаниясы үшін жасаған дизайнерлік мотоциклінің құны - $ 1 000 000. Мотоцикл тарихы керосин қозғалтқышы орнатылған арбадан басталған.  Қазіргі мотоциклдің мұндай прототипі Штутгарт қаласында жасалды. 1885 жылы патенттелді.

Словакияда Ұлттық көтеріліс күнін атап өтіп жатыр. 

Бұл күн Мысыр күнтізбесі бойынша жылдың басы болып саналады.

29 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1883 жылы Канадада әлемдегі бірінші электр плитасы таныстырылды;

1919 жылы Канадада автомобильдерге салынған тыйым алынып тасталды;

1938 жылы КСРО ЖОО-ларға сырттай оқу түрін енгізді;

1939 жылы "Әскери-тарихи" журналдың бірінші нөмірі шықты;

1949 жылы Семейде бірінші кеңес атом бомбасы сынақтан өткізілді.

29 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1720 жылы Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінде, Ұлба мен Ертіс өзендерінің тоғысқан жерінде Өскемен қаласы құрылды;

1994 жылы Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін құру туралы" Жарлығы жарияланды;

2000 жылы Қостанай қаласындағы № 9 мектепке ақын Ғафу Қайырбековтің есімі берілді;

2002 жылы Нұрсұлтан Назарбаев "Бәйтерек" монументінің ашылу салтанатына қатысты;

2003 жылы Алматыда қалалық жастар үйі ашылды;

2007 жылы Шымкентте "Абай" әдеби газетінің бірінші нөмірі басылып шықты;

2012 жылы Қырғыздың Ош қаласында Қазақстан Республикасы консулдығының ресми ашылуы болды.

29 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1907 жылы Кеңес театр мен киносының актрисасы Людмила Глазова дүниеге келді;

1909 жылы кеңес футболшысы Петр Старостин дүниеге келді;

1632 жылы британдық педагог-философ, эмпиризм мен либерализм өкілі Джон Локк туды;

1958 жылы америкалық әнші, биші әрі хореограф Майкл Джексон өмірге келді.

29 тамызда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1946 жылы суретші Бәтима Зәуірбекова туды;

1949 жылы Ортопедия және травматология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Батпенов туған;

1977 жылы Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісінде орналасады. Бұл күнді демалыс пен ұйқыға арнаңыз. Адамдармен азырақ араласуға тырысыңыз.

Жаңалықтар
0