Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 20 тамыз
Күнтізбе - 20 тамыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесі бойынша 232-ші күн. Жыл соңына дейін 133 күн бар.

20 тамызда не болғанын білесіз бе? 

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан  дереқорынан біле аласыз.

20 тамызда қандай қызықты оқиға болды

Әлемдегі ең ерекше мерекелердің бірі 20 тамызда тойланатын Дүниежүзілік жалқаулық күні шығар, ресми түрде ешкім тойламаса да, халық арасында кеңінен таралып келеді. Мерекенің мақсаты жалқауларды мадақтау емес. Оның міндеті – созылмалы шаршаңдық синдромы мен күйзеліспен тиімді күресу. Мереке Колумбияның өнеркәсіп орталығы және халық тығыз қоныстанған қаласы Итагуида пайда болған. Бұл күні еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін демалады. 

Венгрияда – Әулие Иштван күні (венгер мемлекетінің негізін қалаушы). Бұл Венгрияның негізгі мемлекеттік мерекесі. 1000 жылы 20 тамызда Әулие Иштван Бірінші таққа отырды, осылайша Венгрияның алғашқы королі атанды. Иштван басқарған жылдары мажарлар христиандықты қабылдады, ел әкімшілік-аумақтық округтерге бөлінді. 1083 жылы Иштван Бірінші әулиелер санатына қосылды, ал рим папасы Григорий Жетінші 20 тамызды мереке деп жариялады.

Қиялы жүйрік әрі ерекше дарын иесі Эдуард Успенскийдің қаламы балаларға сүйкімді кейіпкер Чебурашканы сыйлады. Осы кейіпкердің құрметіне балалар мерекесі – Чебурашканың туған күні тойланады. 

20 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1634 жылы Мәскеуде алғашқы букварь жарық көрді; 

1741 жылы алғашқы орыс теңіз саяхатшысы Аляска түбегін ашты;

1913 жылы Киевте бірінші Жалпыресейлік спорттық олимпиада өтті;

1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Гитлер "Фау" ракетасын жасап шығаруға тапсырма берді;

1884 жылы "Отечественные записки" журналы жабылды.

20 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1996 жылы Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы екіге бөлініп, Ш.Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасы және Қазақстанның ұлттық продюсерлік орталығы құрылды; 

2003 жылы Елбасының қолдауымен "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрі құрылды;

2012 жылы "Алматы" велоклубына Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың есімі берілді;

2012 жылы Қазақстан Соломон аралдарымен дипломатиялық қатынас орнатты.

2016 жылы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жұмысын бастады.

2016 жылы Шу локомотив депосында Тұрар Рысқұловқа арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды.

20 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1934 жылы Ресейдің театр және кино актрисасы  Евгения Агенорова өмірге келді;

1932 жылы орыс жазушысы, драматург және сценарист Василий Аксенов туды;

1937 жылы кеңестік, ресейлік және америкалық режиссер, сценарист, қоғам және саяси қайраткер Андрей Кончаловский дүниеге келді;

1953 жылы ресейлік ақын, актер, тележүргізуші Владимир Вишневский туды;

1847 жылы поляк жазушысы, журналист және фельетоншы Болеслав Прус дүниеге келді;

1909 жылы шахматтан әлем чемпионы Ольга Рубцова өмірге келді;

20 тамызда Қазақстанда кімдер туды

1928 жылы техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сұлтан Сүлейменов өмірге келді;

1937 жылы мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР тұңғыш премьер-министрі Ұзақбай Қараманов дүниеге келді;

1938 жылы  жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәрсенбай Оразбек туды;

1952 жылы білім және ғылым министрлігінің қосымша білім берудің республикалық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер дүниеге келді;

1974 жылы белгілі журналист Арман Сейітмамыт өмірге келді;

1978 жылы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасып, ұлғая береді. Азғыру, алдану және көзбояушылықпен күресуге дайын болыңыз. Өз-өзіңізді ұстап, айналаңыздарға ашуыңызды білдірмеуге тырысыңыз. Жанжал шығару ешкімге де жақсылық әкелмейді.

Жаңалықтар
0