Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 тамыз

Күнтізбе - 14 тамыз
Күнтізбе - 14 тамыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 226-шы күн. Жылдың соңына дейін 139 күн бар

14 тамызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

14 тамызда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Португалияда коррида күні аталып өтеді. Жыл сайын 14 тамыз күні Абиул қаласында португалиялық корриданың туған күнін тойлайды. Бұл күннің ең басты оқиғасы – байырғы салт-дәстүрге сай өткізілетін коррида. Коррида (исп. Corrida de toros немесе ағылш. Bullfighting) – бұл жай ғана жарыс емес, спорт пен өнер үйлесімділігі. Кабальеро алаңға атпен шығады. Бұқаға фарпа деп аталатын екі сантиметр болатын өткір зат тығылады. Қатты ауырмайды, адамға ине еккенмен бірдей. Өткен ғасырларда шабандоздар аристократ болған, ал фуркадештер, яғни жаяу жүретіндер қарапайым адамдар еді. Өзге корридалармен салыстырғанда, португалиялық корридада қан әлдеқайда аз.

Пәкістан бүгін Тәуелсіздік күнін тойлайды. Мереке күні елдің барлық қаласында туды көтеру рәсімі өтеді. Ұлт қаһармандарының рухына тағзым етіп, Исламабадта отшашу болады. Негізгі шаралар ел астанасында өтеді. Президент пен премьер-министр парламент ғимаратында туды көтеріп, құттықтау сөзін сөйлейді. Олар мемлекет жетістіктері мен алдағы жоспары туралы айтады. Мұның бәрі тікелей эфирде көрсетіледі.

Абхазияда Отан қорғаушылар күнін атап өтеді.

Зимбабведе жыл сайын Қорғаныс күштері күні аталып өтеді. Көбінесе бұл күні ел астанасы – Харареде шеру өткізіледі.

14 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1619 – АҚШ-тың Вирджиния штатында маскүнемдікке қарсы алғашқы заң қабылданып, жүзім өсіруге тыйым салынды;

1880 – Кельн соборының құрылысы аяқталды;

1936 – Олимпиада ойындарында алғаш рет баскетбол жарысы болды; 

1973 – Пәкістанда Конституция қабылданды;

1992 – Грузия мен Абхазия арасында соғыс басталды;

14 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1844 – Кенесары ханның қолы Екатеринскіге шабуыл жасап, осы қамалды алды;

2004 – Жас қазақстандық режиссер Гүлдаш Омарованың "Шиза" фильмі Ресейде көрсетіле бастады;

2005 – Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің жаңа ғимаратын ашты.

14 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1938 жылы поляк актрисасы, фотосуретші, жазушы және сценарист Беата Тышкевич дүниеге келді;

1945 жылы комик, америкалық актер Стив Мартин дүниеге келді;

1953 жылы театр қайраткері және ресейлік актер Рамис Ибрагимов дүниеге келді;

1966 жылы америкалық актриса, "Оскар" сыйлығының лауреаты Хелли Берри дүниеге келді;

1979 жылы бокстан әлем чемпионы, кәсіпқой боксшы Денис Лебедев өмірге келді.

14 тамызда Қазақстанда кім туды

1905 жылы медицина ғылымдарының докторы, профессор Борис Еланцев дүниеге келді. 

1913 жылы биолог ғалым, Қазақстан республикасының академигі Аймақ Жанғалиев дүниеге келді;

1948 жылы жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Александр Самойленко дүниеге келді; 

1962 жылы Қазақстан Республикасының ІІМ министрін Ерлан Тұрғымбаев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Суқұйғыш белгісінде болады. Бұл күні үй жұмыстарымен айналысқан жөн. Тұрмыстық шаруаларды осы күні тындырып, уақытты жеке өткізуге қолайлы сәт туындап тұр.

Жаңалықтар
0