Спорт

Бейжіңдегі Олимпиадаға Қазақстан құрамасы арнайы рейспен ұшып кетті

© Photo : Национальный олимпийский комитетЧлены олимпийской сборной Казахстана
Члены олимпийской сборной Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2022
Жазылу
Олимпиадашылар мен бапкерлер ұшар алдындағы соңғы аптаны карантинде өткізді
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. 27 қаңтар күні қазақстандық делегация Нұр-Сұлтан – Алматы – Бейжің бағыты бойынша Олимпиада ойындарына ұшып кетті. 
Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық спортшы мен бапкерлер ұшар алдындағы соңғы аптаны карантинде өткізді. Нақтылап айтар болсақ, олар үшінші тараппен байланыспай, көпшіліктен бөлек тұрып, бөлек жаттығу жасады. 
Қытайға делегацияны  арнайы "Air Astana" әуе рейсі барлық қауіпсіздік талабын сақтай отырып жеткізеді. Бұл рейспен конькимен жүгіру, фристайл-могул, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғымен тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысынан ұлттық құрамалар ұшып кеткен. 
Ал қорытынды жиынды шетелде өткізіп жатқан биатлон, шаңғы жарысы және шаңғы акробатикасынан ұлттық құрамалар Қытайға өз бағыты бойынша келеді.
"Бүгін біз Олимпиада ойындарына ұшып барамыз. Бұл бәріміз үшін толқитын сәт. Біз жақсылықтан үміттіміз және мұндай жауапты жарысты бар күшімізді саламыз. Осындай қиын кезеңде барлық жағдайды жасап, қолдау көрсеткені үшін мемлекет басшысы мен үкіметке, Ұлттық Олимпиада комитетіне алғыс айтамын. Біз қандай кезең болса да, жаттығуды үзген емеспіз", - дейді Қазақстан командасының ту ұстаушысы, шорт-тректен құрама көшбасшысы Абзал Әжіғалиев. 
Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 4 ақпан күні Бейжіңдегі Ұлттық стадионда өтеді. 
Оқи отырыңыз: Қысқы Олимпиаданы қазақстандық телеарналар көрсетеді 
Жаңалықтар
0