https://sputnik.kz/20220119/Olimpiada-oyyndary-atau-19171574.html
Олимпиада ойындарында тұңғыш рет ел атауы қазақша жазылады
Олимпиада ойындарында тұңғыш рет ел атауы қазақша жазылады
Sputnik Қазақстан
Маңызды элементті халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгерту үшін Халықаралық Олимпиада комитетінен арнайы рұқсат алынды 19.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-19T10:01+0500
2022-01-19T10:01+0500
2023-08-09T16:03+0500
спорт
ұлттық құрама
олимпиада ойындары
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0f/19151835_338:505:3068:2048_1920x0_80_0_0_bdfdda7b8b9be827dfa096a3248d33e1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Қазақстан тарихында тұңғыш рет олимпиадалық құраманың формасы қазақша "QAZAQSTAN" деген атаумен шығады, деп хабарлайды Ұлттық олимпиаладық комитеттің баспасөз қызметі.Маңызды элементті халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгерту үшін Халықаралық Олимпиада комитетінен арнайы рұқсат алынды. Бұл ретте Қазақстан ХОК-тың үш әріптік кодтарының тізімінде KAZ белгісімен қала береді. Өйткені аббревиатура халықаралық стандартқа сәйкес пайдаланылады.Қазақстан Ұлттық Олимпиаладық комтитеті мемлекеттік тілде дайындалған олимпиадалық киім-кешектің маңызды элементтерінің бірі атлеттерге сенімділік беріп, олар үшін отандастарды қолдаудың символына айналатынына сенеді."Олимпиада ойындары - ең алдымен үздік атлеттер өз байрағымен шығатын достық пен бейбітшіліктің үлкен фестивалі. Бұл тек спортшылар үшін ғана емес, өз командаларын қолдайтын барлық жанкүйер үшін маңызды оқиға. Олимпиада кезіндегі кез – келген жабдыққа басты назар аударылады. Сондықтан ел атауының "QAZAQSTAN" деп жазылуы - ұлттық құраманы және бүкіл елді әлемдік қауымдастық алдында өте маңызды қадам болып саналады", - деп атап өтті еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитетінде.Комитеттегілердің айтуынша, шетелдік әріптестеріміз жаңа жазуға жоғары баға берді.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0f/19151835_0:120:3068:2048_1920x0_80_0_0_2e65865020d7eb76ab7b1a7b62853f5f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық құрама, олимпиада ойындары
ұлттық құрама, олимпиада ойындары
Олимпиада ойындарында тұңғыш рет ел атауы қазақша жазылады
10:01 19.01.2022 (жаңартылды: 16:03 09.08.2023) Маңызды элементті халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгерту үшін Халықаралық Олимпиада комитетінен арнайы рұқсат алынды
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Қазақстан тарихында тұңғыш рет олимпиадалық құраманың формасы қазақша "QAZAQSTAN" деген атаумен шығады, деп
хабарлайды Ұлттық олимпиаладық комитеттің баспасөз қызметі.
Маңызды элементті халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгерту үшін Халықаралық Олимпиада комитетінен арнайы рұқсат алынды. Бұл ретте Қазақстан ХОК-тың үш әріптік кодтарының тізімінде KAZ белгісімен қала береді. Өйткені аббревиатура халықаралық стандартқа сәйкес пайдаланылады.
Қазақстан Ұлттық Олимпиаладық комтитеті мемлекеттік тілде дайындалған олимпиадалық киім-кешектің маңызды элементтерінің бірі атлеттерге сенімділік беріп, олар үшін отандастарды қолдаудың символына айналатынына сенеді.
"Олимпиада ойындары - ең алдымен үздік атлеттер өз байрағымен шығатын достық пен бейбітшіліктің үлкен фестивалі. Бұл тек спортшылар үшін ғана емес, өз командаларын қолдайтын барлық жанкүйер үшін маңызды оқиға. Олимпиада кезіндегі кез – келген жабдыққа басты назар аударылады. Сондықтан ел атауының "QAZAQSTAN" деп жазылуы - ұлттық құраманы және бүкіл елді әлемдік қауымдастық алдында өте маңызды қадам болып саналады", - деп атап өтті еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитетінде.
Комитеттегілердің айтуынша, шетелдік әріптестеріміз жаңа жазуға жоғары баға берді.