https://sputnik.kz/20220118/shakhmat-alem-chempiony-19163841.html
Шахматтан әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаева елге келді
Шахматтан әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаева елге келді
Sputnik Қазақстан
17 жастағы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында блиц бойынша әлем чемпионы атанды және рапидте күміс алды 18.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-18T10:39+0500
2022-01-18T10:39+0500
2022-02-01T13:05+0500
спорт
https://sputnik.kz/img/07e6/01/12/19162862_0:11:1211:695_1920x0_80_0_0_39f8d5ddf507e099296bf2fbf87bb1b1.jpg
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан әуежайында көпшілік шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны күтіп алды, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі."Шахматтан әлем чемпионатында ең жас әлем чемпионы атанып, жарқын жеңісімен қазақ елін қуантқаны үшін Бибісараға алғысымды білдіремін. Бибісараның жеңісіне анасының қосқан үлесі зор. Отандасымыздың бұл жеңісі барша шахматшыларға үлгі болып, ел спортының тарихында қалары сөзсіз ", - деді комитет төрағасы.Бибісара да ойынға қатысты пікір білдірді."Турнир оңайға соқпады. Үш күн рапид, екі күн блиц, бес күнге созылған жарыста соңына дейін табандылық көрсету керек болды. Мен бірінші тақтада ойнап рапидте соңғы партияны жеңіп, екінші орынды иелендім. Блицте сегізінші айналымнан бастап, көш бастадым. Ақтық кезеңге дейінгі айналымда айқын басымдылықпен бірінші орынға көтерілдім. Ел тарихында ересектер арасындағы шахматтан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алғаным үшін өте бақыттымын", - деді шахматтан әлем чемпионатының жеңімпазы.Айта кетері, Польша астанасы Варшава қаласында өткен әлем чемпионатында 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева "блицте" 1-орынды жеңіп, әлемдік шахмат тарихында әйелдер арасында ең жас шахматшы атанды.Сондай-ақ осы чемпионатта Бибісара жылдам шахматтан (рапид) 2-орын иеленді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/12/19162862_0:0:1211:763_1920x0_80_0_0_ed4a6970ffee8ceb7f0f08973e571611.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Шахматтан әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаева елге келді
10:39 18.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) 17 жастағы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында блиц бойынша әлем чемпионы атанды және рапидте күміс алды
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан әуежайында көпшілік шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны күтіп алды, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Бибісараны жеңісімен құттықтауға спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев барды. Ол Бибісараның жетістігіне анасының қосқан үлесін ерекше атап, алғыс білдірді.
"Шахматтан әлем чемпионатында ең жас әлем чемпионы атанып, жарқын жеңісімен қазақ елін қуантқаны үшін Бибісараға алғысымды білдіремін. Бибісараның жеңісіне анасының қосқан үлесі зор. Отандасымыздың бұл жеңісі барша шахматшыларға үлгі болып, ел спортының тарихында қалары сөзсіз ", - деді комитет төрағасы.
Бибісара да ойынға қатысты пікір білдірді.
"Турнир оңайға соқпады. Үш күн рапид, екі күн блиц, бес күнге созылған жарыста соңына дейін табандылық көрсету керек болды. Мен бірінші тақтада ойнап рапидте соңғы партияны жеңіп, екінші орынды иелендім. Блицте сегізінші айналымнан бастап, көш бастадым. Ақтық кезеңге дейінгі айналымда айқын басымдылықпен бірінші орынға көтерілдім. Ел тарихында ересектер арасындағы шахматтан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алғаным үшін өте бақыттымын", - деді шахматтан әлем чемпионатының жеңімпазы.
Айта кетері, Польша астанасы Варшава қаласында өткен әлем чемпионатында 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева "блицте" 1-орынды жеңіп, әлемдік шахмат тарихында әйелдер арасында ең жас шахматшы атанды.
Сондай-ақ осы чемпионатта Бибісара жылдам шахматтан (рапид) 2-орын иеленді.