https://sputnik.kz/20211231/Bibisara-Asaubaeva-blits-chempion-19030906.html
Бибісара Асаубаева 17 жасында блицтен әлем чемпионы атанды
Бибісара Асаубаева 17 жасында блицтен әлем чемпионы атанды
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ қазақстандық шахматшы қыз рапид бойынша әлем біріншілігінде екінші орын иеленді 31.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-31T08:28+0500
2021-12-31T08:28+0500
2023-08-09T12:30+0500
спорт
бибісара асаубаева
әлем чемпионы
шахмат
https://sputnik.kz/img/956/08/9560892_0:0:2500:1407_1920x0_80_0_0_cd322dc34e538df8c955be096ac2f867.jpg
АЛМАТЫ, 31 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионы (FIDE World Rapid and Blitz 2021) атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Чемпионат Польшада өтті.Қазақстандық шахматшы 17 кезеңде 14 ұпай жинады. Екінші орынды екі күн бұрын рапидтен әлем чемпионы атанған ресейлік Александра Костенюк алса, Ресейдің тағы бір өкілі Валентина Гунина үшінші орынды иеленді.Бұған дейін рапид бойынша әлем біріншілігінде Костенюк пен Өзбекстан өкілі Нодирбек Абдусатторов жеңіске жеткен болатын. Рапид бойынша әлем чемпионатында екінші орынды Бибісара Асаубаева иеленді (8,5 ұпай).Бастапқыда турнир Нұр-Сұлтан қаласында өтуі керек еді, алайда эпидемиологиялық шектеулерге байланысты кейінге қалдырылды.Оқи отырыңыз: Министр Азия чемпионы атанған Бибісара Асаубаеваны құттықтадыАйта кетері, 17 жастағы Асаубаева бұған дейін классикалық шахматтан 8, 10, 12 және 14 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы, 7, 9 жасқа дейінгі мектеп оқушылары арасында әлем чемпионы атанған.Рапид және блицтен әлем чемпионаты – спорт жанкүйерлерінің көпшілігі үшін шахмат күнтізбесіндегі айтулы оқиғалардың бірі. Ауқымды шараға 50 елден 200-ге жуық спортшы – әлем чемпиондары мен вице-чемпиондары, қазіргі ел чемпиондары және әлемнің рейтингі жоғары шахматшылары қатысты.Рапид және блиц бойынша әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 1 000 000 АҚШ долларын құрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/956/08/9560892_144:0:2468:1743_1920x0_80_0_0_7bba34fe1b7db00efad2f0946b61a9fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бибісара асаубаева, әлем чемпионы, шахмат
бибісара асаубаева, әлем чемпионы, шахмат
Бибісара Асаубаева 17 жасында блицтен әлем чемпионы атанды
08:28 31.12.2021 (жаңартылды: 12:30 09.08.2023) Сондай-ақ қазақстандық шахматшы қыз рапид бойынша әлем біріншілігінде екінші орын иеленді
АЛМАТЫ, 31 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионы (FIDE World Rapid and Blitz 2021) атанды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қазақстандық шахматшы 17 кезеңде 14 ұпай жинады. Екінші орынды екі күн бұрын рапидтен әлем чемпионы атанған ресейлік Александра Костенюк алса, Ресейдің тағы бір өкілі Валентина Гунина үшінші орынды иеленді.
Бұған дейін рапид бойынша әлем біріншілігінде Костенюк пен Өзбекстан өкілі Нодирбек Абдусатторов жеңіске жеткен болатын. Рапид бойынша әлем чемпионатында екінші орынды Бибісара Асаубаева иеленді (8,5 ұпай).
Бастапқыда турнир Нұр-Сұлтан қаласында өтуі керек еді, алайда эпидемиологиялық шектеулерге байланысты кейінге қалдырылды.
Айта кетері, 17 жастағы Асаубаева бұған дейін классикалық шахматтан 8, 10, 12 және 14 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы, 7, 9 жасқа дейінгі мектеп оқушылары арасында әлем чемпионы атанған.
Рапид және блицтен әлем чемпионаты – спорт жанкүйерлерінің көпшілігі үшін шахмат күнтізбесіндегі айтулы оқиғалардың бірі. Ауқымды шараға 50 елден 200-ге жуық спортшы – әлем чемпиондары мен вице-чемпиондары, қазіргі ел чемпиондары және әлемнің рейтингі жоғары шахматшылары қатысты.
Рапид және блиц бойынша әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 1 000 000 АҚШ долларын құрады.