Хоккейшілер матч кезінде мұз астына түсіп кетті – видео
14:48 25.12.2021 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022)
Жазылу
Ойын соншалықты қызу болғандықтан, алаңда мұз еріді деуге болады. Спортшылар судан шығарылғанша төреші ойынды тоқтатты
АЛМАТЫ, 25 желтоқсан — Sputnik. Екі хоккейші – германиялық "Лангенталдың" қорғаушысы Тайлер Хиггинс пен швейцариялық "Сиерренің" шабуылшысы Арно Монтандон ойын қызған шақта мұз астына түсіп кетті. Оқиға Швейцария хоккей лигасының ойыны кезінде болды, деп хабарлайды Le Matin.
I'll take "Things I never thought I'd see" for 400, Alex.
— Stat Boy Steven 🇳🇱 🇮🇪 (@StatBoy_Steven) December 24, 2021
Arnaud Montandon of HC Sierre in the Swiss League (2nd tier) falls into the reservoir where the zamboni dumps the ice after resurfacing.
Photos in the quoted tweet! #NHL #Zamboni #SL #hockeytwitter https://t.co/oyyqOHFN01 pic.twitter.com/ZstvFg9Wwv
Басылымның хабарлауынша, 14-минутта шайба "шайқас" кезінде Тайлер Хиггинс пен Арно Монтандон мұзды тазалағаннан кейін суды төгетін шұңқыр түсіп кетті. Хоккейшілер оған жақындаған кезде тосқауыл есіктері ашылып, спортшылар мұз астына түсіп кетті. Оларды төрешілер мен өзге ойыншылар шығарып алды.
Есіктің қаншалықты дұрыс жабылғаны тергеуден кейін анықталады.
Бұл оқиғадан кейін матч жалғасып, 3:2 есебімен "Лангенталь" пайдасына аяқталды.