05:09 28 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.38
  • EUR486.33
  • RUB5.52
Спорт
Қысқа сілтеме алу
958 0 0

2020 жылы өткен Қазақстан чемпионатында Давид ел рекордын төрт рет жаңартты. Ал Паралимпиаданың алдында әлемдік рейтингте көш бастап тұрды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Токио Паралимпиадасының чемпионы Давид Дегтярев әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KAZAKHSTAN PARALYMPIC TEAM 🇰🇿 (@kazparalympics)

Тбилисиде өтіп жатқан парапауэрлифтингтен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы 178 келіні көтеріп, алтыннан алқа тақты. Токио Олимпидасында Дегтярев 174 келімен жеңімпаз атанған болатын.

Айта кетері, Давидтің осы спорт түрімен айналысып жатқанына бес жыл болды. Ол 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Бұған дейін Дегтярев 185 келіні көтеріп, Азия рекордын жаңартқан болатын.

2020 жылы өткен Қазақстан чемпионатында Давид ел рекордын төрт рет жаңартты. Ал Паралимпиаданың алдында әлемдік рейтингте көш бастап тұрды. Осылайша, Токиода жеңімпаз атанып, фаворит екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Дегтяревтың жаттықтырушысы – Юрий Колесников.

Загрузка...

Басты тақырып