Спорт

Қазақтың танымал бизнесмені боксшыларға қомақты сыйақы беретінін мәлімдеді  

© AP Photo / Darko VojinovicТемиртас Жусупов на чемпионате мира по боксу
Темиртас Жусупов на чемпионате мира по боксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Қазақстанның бокс федерациясы танымал бизнесмен әлем чемпионатынан жүлделі оралған боксшыларға өз атынан 30-70 мың АҚШ доллары аралығында сыйақы беретінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша — Sputnik. Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев әлем біріншілігінің чемпиондары мен жүлдегерлеріне өз атынан қосымша сыйақы береді. Спортшылар алған жүлделі орынына қарай 70, 50 және 30 мың доллардан алады, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

"Елге оралған біздің боксшыларға қомақты ақшалай сертификат табысталады: бірінші орын үшін – 70 мың АҚШ доллары, екінші – 50 мың, үшінші – 30 мың. Отандық боксшыларға қолдау білдірейік! Қазақстан әлемнің қуатты елдері қатарында болды және әркез бола береді!" – деп мәлімдеді федерация.

Сонымен қатар спортшылар АІВА тарапынан берілетін 100, 50 және 25 мың АҚШ доллары көлеміндегі кепілдендірілген жүлде қорын да алады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Қазақ боксшылары Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды. Финалдың бірінші күнінде-ақ біздің спортшылардың қоржынында алтын, күміс және қола жүлде болды.

Біраз бұрын қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) әлем чемпионатына жолдама алған қазақстандық боксшыларға екі мың доллардан үлестіріп жатқан видеосы желіде тарап, қоғамда қызу талқыға түсті.

Мәдениет министрлігі ұлттық құраманың жекелеген боксшыларына ақша беру федерация мен министрліктің ресми тұлғасы саналмайтын азаматтың, яғни Арманның жеке бастамасы екенін айтты.

"Ұлттық құраманың жекелеген боксшыларына ақша беру федерация мен министрліктің ресми тұлғасы саналмайтын азаматтың, яғни Арманның жеке бастамасы", - деді министрлік.

Министрлік мәліметі бойынша бокстан ұлттық құрама команда спортшыларын даярлау және олардың Белград қаласындағы коммуникациясы үшін жағдай жасау бойынша жауапкершілік Қазақстанның бокс федерациясына жүктелген.

Оқи отырыңыз: Тоқаев боксшыларды әлем чемпионатындағы жеңіспен құттықтады 

Еске салсақ, қазақ боксшылары 2021 жылғы әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс және бір қола жүлде жеңіп алды. Әлем чемпионатының  қорытындысы бойынша бас бапкер Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен команда жалпы жүлде кестесінде екінші орынды иеленді.

Біріншіліктің алтын медалін Теміртас Жүсіпов (48 кг) пен Сәкен Бибосынов (51 кг), күміс – Махмұд Сабырхан (54 кг) мен Серік Теміржанов (57 кг), қола – Абылайхан Жүсіпов (67 кг) жеңіп алды.

Жаңалықтар
0