Спорт

Боксшылар әлем чемпионатынан елге оралды

© Photo : Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі/Сали СабировБокстан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатынан елге оралды
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатынан елге оралды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Белградта өткен әлем чемпионатында қазақ боксшылары екі алтын, екі күміс және бір қола жүлде жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Бокстан Қазақстан құрамасын елордада жанкүйерлер ыстық ықыласпен күтіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.

Отандық былғары қолғап шеберлері Сербия астанасы Белградта өткен әлем чемпионатынан екі алтын, екі күміс және бір қола жүлдемен елге оралды. 

Бас бапкер Қайрат Сәтжанов бастап барған құрама әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы медаль кестесінде екінші орынға жайғасты. 

Бас бапкер құраманың нәтижесіне көңілі толатынын айтса, жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар жанкүйерлер қолдауын ерекше сезінгенін жасырмады.

Оқи отырыңыз:

 

Жаңалықтар
0