Спорт

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында алтын жеңіп алды

© Photo : пресс-служба Федерации тяжелой атлетикиҚазақстандық ауыр атлет Бекболат Рахат
Қазақстандық ауыр атлет Бекболат Рахат - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2021
Жазылу
Бұл Рахат Бекболаттың жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында иеленген екінші алтыны

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан — Sputnik. Ауыр атлетикадан Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ерлер арасында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Рахат Бекболат әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 155, серпе көтеуде 200 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 355 келіні еңсерді. 

Оқи отырыңыз: Ауыр атлетика федерациясы Альберт Линдердің өліміне қатысты тексеру жүргізеді

Күміс медальді түркиялық Танер Чаглар (337 келі), қоланы Ирак өкілі Али Аммар Рубаяши (334 келі) иеленген. 

Бұл Рахат Бекболаттың жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында иеленген екінші алтыны. Бұған дейін ол Ташкентте өткен әлемдік додада 377 келіні бағындырып, жеңімпаз атанған болатын. 

Жаңалықтар
0