04:44 05 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Спорт
Қысқа сілтеме алу
Токио Олимпиадасы (119)
39 0 0

Пандемия салдарынан жоспарлар бұзылды. Спорт түрлерінің көбісі дайындықты 6-8 айға толығымен тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті Токиодағы сәтсіздікті зерделеп, оған себеп болған негізгі мәселелерді анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Комитеттің бас хатшысы Андрей Крюковтың айтуынша, Токио Олимпиадасының алдында жарыстардың уақыты үнемі өзгеріп тұрған. Соның салдарынан нақты жоспар құру қиынға соқты. Ал бапкерлер тұрақты жаттығу кестесін белгілей алмады.

"Мысалы, кейбір командалар жарысқа барған кезде оны өткізбеуге шешім қабылданады. Бапкерлер спортшыны дайындайды, ал жарыс өтпей қалады. Оған қоса, 2020 жылдың наурыз айынан бері жастар мен жасөспірімдер командаларын қаржыландыру тоқтатылды. Осылайша, жастар командалары өз жұмысын толығымен тоқтатты деуге болады", - деді Крюков отырыста.

Оның сөзіне қарағанда, ұлттық құрамадағы спортшылар жарақат та алған. Бірақ пандемия салдарынан сапалы медициналық қызмет алуға мүмкіндік болмады. Команда дәрігерлері ғана емдеу шараларын өткізіп отырды.

Крюковтың айтуынша, 2020 жылғы пандемия спортшыларымыздың сәтсіз өнер көрсетуіне себеп болған негізгі мәселе. Дайындық жоспары төрт жылға есептеледі. Алайда пандемия салдарынан жоспарлар бұзылды. 

"160-қа жуық халықаралық жарысты кейінге шегерді немесе мүлдем өткізбей қойды. Спорт түрлерінің көбінде дайындық 6-8 айға толығымен тоқтады. Ал Олимпиаданың алдында жарыстарға қатысқан маңызды. Соған қарай жаттығу жоспарына қажетті өзгерістер енгізіледі. Бапкерлер болса, локдаун жағдайында шұғыл өзгерістер жасап, үнемі тиімді шешімдер іздеуге мәжбүр болды. Өкінішке қарай, сол шешімдердің бәрі бірдей сәтті шыққан жоқ", - деп атап көрсетті Крюков.

Осы орайда бас хатшы бірнеше спорт түрі бойынша жоспардың қалай өзгергенін айтып берді. Мәселен, Баландин және басқа да жүзушілер АҚШ-та жаттығып жүрген. Спорттық көрсеткіштері де көтеріле бастады. Бірақ пандемия салдарынан барлығы елге қайтарылды. Сол сияқты боксшылар да арнайы бағдарлама бойынша дайындалады.

Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктің тағы бір себебі – сапалы резервтің болмауы. Жапонияның астанасына барған командамыз Рио Олимпиадасымен салыстырғанда екі жылға қартайып қалған.

"Бұл дегеніміз, ұлттық құрамалар сапалы резервпен жаңармай отыр. Осылайша, жасы үлкен спортшылар ұлттық деңгейдегі чемпионаттарда жеңіп, Олимпиада ойындарына қатысуды жалғастырып жатыр. Қазір резервті дайындау жұмысы ақсап тұр", - дейді Крюков.

Оның сөзіне қарағанда, олимпиадалық резерв мәселесі келесі ойындарда да жағымсыз нәтижеге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Тақырып:
Токио Олимпиадасы (119)

Тақырып бойынша

Серік Сәпиев боксшыларды сынайтындарға жауап берді
Әлиев Олимпиадада наразылық білдіріп, бір сағат бойы рингтен кетпей қойды
Қазақ боксшылары алғаш рет Олимпиадада "алтынсыз" қалды
Сәпиев Левиттің спорттық карьерасы жайлы: маған ештеңе айтқан жоқ
Олимпиадада бокстан алтын алмаудың себебі неде – бас бапкер жауабы
Кілт сөздер:
Токио Олимпиадасы
Загрузка...

Басты тақырып