Спорт

Белгілі қазақстандық боксшы Головкин өзімен жұмыс істеуге келіспегенін айтты

© AP Photo / Mark LennihanБоксер Геннадий Головкин
Боксер Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2021
Жазылу
Жиров 1996 жылы Атлантада Олимпиада чемпионы атанды. IBF тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы болды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек –  Sputnik. Бұрынғы әлем чемпионы Василий Жиров Головкинге бірге жұмыс істеуге ұсыныс жасағанын айтты.

Ол Головкиннің техникасына байланысты сауалға жауап берді, деп жазады Sports.kz.

"Ол жоғары деңгейге шықты, көптеген жекпе-жекте жеңіске жетіп, чемпион атанды. Бұған өзінің еңбекқорлығының арқасында қол жеткізді. Ол үшін қуаныштымын. Әуесқой карьерадан кейін Америкаға кетті. Мен оған бірге жұмыс істеуге ұсыныс жасаған едім, ол өзінің жолын таңдады", - деді Жиров "Ушатайка: Спорт-Экспресс" Youtube арнасына берген сұхбатында.

Василий Жиров ауыр салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы. Әуесқой бокста 1996 жылы Атлантада Олимпиада чемпионы атанды. IBF тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы болды. Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері. "Парасат" орденімен марапатталған.

Жаңалықтар
0