Спорт

Қазақ боксшысы қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеу жеңіп алды – видео

CC0 / / Боксерский ринг
Боксерский ринг - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2021
Жазылу
Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақ боксшысы Бек Нұрмағанбет WBA екінші дәрежелі чемпиондық белбеуін иеленді

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақ боксшысы Бек Нұрмағанбет (4-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Sports.kz.

Нұрмағанбет Нұр-Сұлтанда өткен "Көшпенділер шайқасы 2" бокс кешінде мексикалық боксшы Бруно Сандовальмен (21-4-1, 17 КО) жұдырықтасты. Олар бос қалған супер орта салмақтағы WBA International чемпионы титулын сарапқа салды.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды: Нұрмағанбет бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Осылайша Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, WBA екінші дәрежелі чемпиондық белбеуін иеленді. Бруно Сандоваль карьерасында бесінші рет жеңіліске ұшырады.  

Айта кетері, Нұрмағанбет 2019 жылы әуесқойлар арасында Азия чемпионы болды.  

Жаңалықтар
0