Спорт

Олимпиадада 4 қарсыласын жеңген спортшымыз жартылай финалға өтті

© Photo : НОК Казахстана / Владислав СеменовКаратист Дархан Асадилов на Олимпиаде
Каратист Дархан Асадилов на Олимпиаде - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Жазылу
Жартылай финалда Асаділов француз каратешісі Стивен да Костамен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстандық каратеші Дархан Асаділов (67 келі) Токио Олимпиадасында үш жекпе-жекте қатарынан жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Сакен Бибосынов на Олимпиаде  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Спорт
Токио Олимпиадасы: Сәкен Бибосынов жартылай финалда жеңіліп қалды
Алғашқы жекпе-жекте Асаділов түрік спортшысы Эрай Самданды, ал екінші айналымда әзербайжандық Фирдоуси Фарзалиевті 6:2 есебімен ұтты. Үшінші жекпе-жекте жапон Наото Сагоны айқын басымдықпен (3:0) жеңді. Осылайша Асаділов алты ұпайға ие болып, бірден жартылай финалға өтті.  

Іріктеу сайыстарында Асаділов төрт жекпе-жек өткізуге тиіс еді. Каратеші мысырлық Әли Эльсавиді де жеңді. Жартылай финалда Асаділов француз каратешісі Стивен да Костамен кездеседі.  

Айта кетері, каратэшілер сайыстары топтық жүйемен өтіп жатыр. Әрбір топтан жоғары ұпай алған екі спортшы жартылай финалға шығады. Түстен кейін жартылай финалдық сайыстар басталады. Сондай-ақ тағы бір каратешіміз Мөлдір Жаңбырбай жарыс жолына шығады.

Жаңалықтар
0