НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Токио Олимпиадасында еркін күрестен жарыстар жалғасып жатыр. Бүгін боз кілемге тағы бірнеше қазақ балуаны шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Юсуп Батырмырзаев (125 келі) та бірінші айналымнан аса алмады. Қарсыласын 10:2 есебімен жеңіп тұрып, ұтылып қалды. Енді Ахметова мен Батырмырзаевтың қарсыластары финалға шықса, олар жұбаныш белдесу мүмкіндігіне ие болады.
Ал Данияр Қайсанов (74 келі) жапон Кейсукэ Отогуроның жауырынын жерге тигізіп, жеңіске жетті. Ширек финалда қазақ балуаны Мысырдан келген Реда Рамадан Хуссейнмен кездеседі.
Кеше Нұрислам Санаев (57 келі) жартылай финалға дейін жеткен болатын. Бірақ үндістандық Кумар Равиден ұтылып қалды. Бүгін ол болгариялық Георги Вангеловпен қола медаль үшін белдеседі.