Спорт

Токио Олимпиадасы: қазақстандық палуан жартылай финалға шықты

© Sputnik / Абзал КалиевЧМ по борьбе - FS - 57 кг - Санаев (Казахстан) - Micic (Сербия)
ЧМ по борьбе - FS - 57 кг - Санаев (Казахстан) - Micic (Сербия) - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2021
Жазылу
Қазақстандық палуан бірінші жекпе-жекте Гвинея-Бисау спортшысын жеңген болатын. Ал ширек финалда Азия және әлем чемпионы, жапониялық палуаннан басым түсті

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Токио Олимпидасында еркін күрес шебері Нұрислам Санаев (57 келі) жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қазақстандық палуан бірінші жекпе-жекте Гвинея-Бисау спортшысы Диамантино Юна Фафені жеңген болатын. Ал ширек финалда Азия және әлем чемпионы, жапондық палуан Юка Такахасиден басым түсті.

Жартылай финалда Санаев үндістандық Рави Кумармен күреседі.

Айта кетері, Токио Олимпидасында еркін күрес жарыстарында бес қазақстандық спортшы өнер көрсетеді. Олар:

  • Нұрислам Санаев (57 келі);
  • Дәулет Ниязбеков (65 келі)
  • Данияр Қайсанов (74 келі);
  • Әлішер Ерғали (97 келі);
  • Юсуп Батырмырзаев (125 келі).
Жаңалықтар
0