НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз — Sputnik. Токио Олимпидасында қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (75 келі) бразилиялық боксшыдан ұтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ширек финалда Аманқұл бразиялиялық Эберт Соусамен кездесті. Бірінші раундта жерлесіміз бірнеше соққы өткізіп алды. Бірақ өзі де қарап қалған жоқ, Жойқын соққылары діттеген жеріне жетті. Алайда бес төрешінің екеуі ғана Аманқұлға жоғары ұпай берді. Екінші раунд қазақстандық боксшының пайдасына шешілді. Алайда үшінші раундта қарсылас басым болды. Қорытынды есеп - 2:3.
Бұған дейін Аманқұл өзбек боксшысы Фанат Қахромоновты жеңген болатын.
Айта кетері, Олимпиадада үш боксшымыз қалды. Кеше Сәкен Бибосынов (52 келі) пен Закир Сафиуллин (63 келі) ширек финалға шықты. Бүгін Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) кездесу өткізеді.