Спорт

Ауыр атлетика федерациясы Сон мен Чиншанлоға көлік сыйлайды

© Photo : Thomas Breher Ключи от автомобиля
Ключи от автомобиля - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2021
Жазылу
Қазір Қазақстан қоржынында дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлетші Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло жеңіп алған үш қола медаль бар

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоға жаңа автокөлік сыйға беріледі. Бұл туралы Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоға жаңа Toyota Camry көлігін сыйлайды. Спортшылардың жеке жаттықтырушысы мен құраманың бас бапкері ақшалай сыйақы алады",- делінген ақпаратта.

Спортшыларға автокөлік кілтін Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы президенті Жанат Түсіпбеков Нұр-Сұлтан қаласында табыстайды.

Спортшылар 28 шілдеде Қазақстанға оралды.

Қазір Қазақстан қоржынында дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлетші Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло жеңіп алған үш қола медаль бар.

Жаңалықтар
0