Спорт

Ермахан Ибраимов Левиттің жеңілуіне төрешіні кінәлады

Ермахан Ибрагимов
Ермахан Ибрагимов - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2021
Жазылу
91 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Василий Левит испаниялық боксшыдан нокаутпен жеңілген еді

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. "Алматы" олимпиадалық даярлау орталығы директорының орынбасары, АИБА Халықаралық федерациясы комиссиясының мүшесі Ермахан Ибраимов Олимпиадада жеңілген Василий Левит, Абылайхан Жүсіпов және Бекзад Нұрдәулетовтің жекпе-жектеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

91 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Василий Левит испаниялық боксшы Эммануэль Рейестен нокаутпен жеңілген еді.

"Василий Левит екінші раудта испанялы0спортшыдан соққы жіберіп, қатты нокдаун алды. Бірақ төреші ойынды тоқтатты. Бұл ойынды өте жақсы бақылап отырдым. Рингтегі төреші бірінші соққы болған кезде бірден тоқтатып, нокдаунды санауы керек еді. Бірақ ол "моментті" жіберіп алды және қарсыласына тағы соққы жасауына мүмкіндік берді. Бұл жерде бірінші кезекте рингтегі төрешіні кінәлар едім", деді Ибраимов баспасөз мәслихатында.

Ол Левиттің қарсыласы Испанияның емес, Кубаның боксшысы екенін атап өтті.

"Ол Испанияның азаматтығын қабылдап, сол елдің атынан шығып жатыр. Сондықтан бұл осал емес, өте мықты боксшы. Василий Левитті еш кінәлауға болмайды, ол бар өнерін көрсетті. Енді Левитке айтарымыз, еңсесін түсірмей, келесі жарыстарға жақсылап дайындалуы керек", - деді Олимпиада чемпионы.

Сонымен қатар Ибраимов 69 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Абылайхан Жүсіповтің жеңілісіне қатысты да пікір білдірді. Отандасымыз америкалық боксшыға жол берді.

"Абылайхан Жүсіпов пандемия кезінде бір жыл бойы Олимпиада ойындарын күтті. Бұл психологиялық тұрғыда өте ауыр. Содан кейін 69 келі салмақ қазақтардың салмағы болып саналды. Одан алтын алу парыз сияқты көрінетін. Меніңше, жас боксшы осындай үлкен жауапкершілікті көтере алмады. Өте сылбыр ойнады, соққы жасамады, қашықтықты сезінбеді. Тек төбелесе берді, аяқ жағында америкалық боксшыдан жеңіліп қалды. Ең басты себеп – үлкен жауапкершілікті көтере алмағаны", - деді Ибраимов.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өткен кездесуде қазақстандық Бекзад Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевтан жеңілді.

"Бекзад Нұрдәулетов созған алдыңғы қолымен мүлдем ойнамады. Өздеріңіз көрдіңіздер, ресейлік боксшының бойы әлдеқайда қысқа, оны алыстан-ақ ұрып тастауға болар еді. Оны Санкт-Петербург қаласындағы жарыста өз отанында жеңген еді. Бұл жерде тағы айтарым, Олимпиадада психологиялық тұрғыда өз-өзін ұстай алмады, сөйтіп жеңілді. Өкінішті, әрине," - деді ол.

Десе де Ибраимов Токио Олимпиадасында қалған төрт боксшыға сенім артатынын атап өтті.

Жаңалықтар
0